18
Қазақ халкындагы батырлык
дәстүрлер
лымда «рулық теория» деп аталған бұл гипотеза өткен ғасырдың
20жылдарында,соныңішіндекеңесгалымдарыА.П.Чулошников
В.Г. Соколовский*
51 еңбектерінде кең көрініс берді.
1930 жылдары кеңес ғылымында бес формациялы энгельс-
сталиндік схема пайда болды. Көшпелі халықтар арасындағы
таптық күресті дэлелдеудің саяси қажеттілігі туды. Сондықтан,
«рулық теорияны» сынау көшпелілердің қоғамдық құрылымын
«таптық қогам» деп қарастыру тұргысынан жүргізілді. Осы тұ-
жырымның белді өкілі С.П. Толстов көшпелілерде бұрынғы за-
маннан бастап дамыған феодалды қатынас орнады деп пайымда-
ған52 Кейбір зерттеушілер көшпелілердің қоғамдық қатынасын
ертефеодалдық деп қарастырды. Мысалы, П.И. Кушнердің ойын-
ша, қырғыздарда XVIII ғасырга дейін рулық қатынастар басым
болды, ал феодализмнің белгілері бай-манаптар сословиесінің
қалыптасуына орай кейін пайда бола бастады53
Бұл бағыттағы жаңа тұрғы - «көшпелі феодолизм» теориясы
болып табылады. Оның негізін көшпелілердің элеуметтік құрылы-
мын еуропалық феодализммен бірдей қарап жэне осы бағыттағы
олардың даму бағытының ерекшелігін атап өткен Б.Я. Владимир
цев қалады54 Оның осы схема шеңберіндегі көшпелі қоғамдар та-
рихына қатысты тұжырымы технологиялық жэне экономикалық
өсудің үздіксіз үдерісі, алғашқы қауымдық құрылыстың алдымен
феодалды қоғамдардағыдай негізін жайылым мен малға меншік
қүраған «көшпелі феодолизмнің» ерте түрінің, кейіннен дамыған
түрімен алмасуы ретінде көрсетілген. Осы теорияны Алтын Ор
да кезеңінің белгілі археолога Г.А. Федоров-Давыдов қолдады55
Бұл тұрғыны сынаушылардың бірі А.Я. Якубовскийдің ойынша
феодалдық тәсіл моңғолдарда орын алған сияқты тек жаулап алу
Достарыңызбен бөлісу: