лы қойылуы керек. Мұндай себептерді төмендегідей топтастыру-
ға болады:
1. Жеке немесе ұжымдық қауіпсіздік. Дала өмірі өзінің қауіп-
қатерге толылығымен адамның жеке басы мен жақындарының
қауіпсіздігіне жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Олар кез
келген жағдайда орын алған кісі өлтіру, дене зақымын келтіру,
дүние-мүлікке қол сұғушылық сияқты қатерлердің алдын алу
үшін тек жеке басының батырлық қасиеттерінің басымдығымен
ғана өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Ал, жоғарыда атап
өткендей кикілжің себептері көшпелілердің күнделікті тұрмыс-
тіршілігінде жиі кездесіп отырды. Көптеген зерттеушілер бұл
жағдайды жалпы көшпелілер өмір салтының әскерилену сипа-
тымен, яғни қару-жарақтың көптігімен, ер адамдардың жаппай
қарулануымен, әскери ойындар мен топтық аң аулау дәстүрінің
кең жайылуымен байланыстырады143 Ал, басты себеп ретінде
А.Я. Гуревич көшелілер қоғамындағы жеке тұлғаның бас бостан-
дығының жоғары бағалануын атайды144
2. Мүліктік кикілжіңдер. Көбінесе көшпелілердің басты бай-
лығы - малға байланысты туындайды. Барымта - дэстүрлі-қү-
қықтық институттың қүралы ретінде белгілі. Барымта негізінен
ашық түрде жүргізілген. Малдарын ұрлатқан жақ міндетті түрде
кінәлілердің малын қуып алады. Бүл шын мэнінде үрланған дү-
ние-мүлкінің толық қайтарылуының кепілдемесі болып табыл-
ған. Батыры бар, қаруы сай ру, тайпа ғана өзінің мүліктік қауіпсіз-
дігіне қол сұғушылықтан толықтай болмаса да, біршама тәуелсіз
саналған.
3. Жер. Көшпелілер арасында негізінен басты жайлымдық
жерлер үшін өзара қақтығыстар жиі болып тұрды. Су көздері ор-
наласқан жайылымдар, сонымен қатар өңделетін жерлер мен ке-
руен жолдарының барлығы негізі жер иеліктері ретінде көшпелі
тайпалардың өз ішінде жэне отырықшы көршілерімен бейбіт жэ-
не әскери эрекеттерінің объектісі болуы мүмкін еді.
Достарыңызбен бөлісу: