1.1. «Батыр» сөзінің этимологиясы
33
ген. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деген еңбекте «Батыр ел
қамы үшін жаумен сайысқан тарихи қаһарман, алып ер» деген
анықтама берілген134 В. Даль сөздігінде Волга бойында батыр
деп ат үстінде бұзықтық жасаушыларды, жігіттік көрсетушілерді,
батырлық жортуылдар жасаушыларды атайтындығы, батырлық-
тың мұрагерлікке қалдырылмайтыны жазылған. Сонымен қатар
В. Даль «батыр» азиаттықтарда білікті күш иесі, батыл, жеңіскер,
сабаз, шабандоз дегенді білдіреді, - дей келе батыр лауазымының
атаққа берілетініне де тоқталған135.
Орыстың филологиялық сөздігінде «батыр» - күшті адам, са
баз, шабандоз мағынасын білдіретінін оқуға болады136 Ал, Қа-
зақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кездерде
жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының екінші то-
мында «батыр» сөзі парсының баһадүр-ержүрек, батыл, эскери
өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан қа-
һарман адамға берілетін құрметті атақ», - делінген137
Сонымен, жоғарыда айтылған ойларымызды қорытындылай
келе төмендегідей тұжырымдар жасаймыз:
1. «Батыр» сөзі қандай тіл құрамында қолданылмасын, оның
барлық тілдердегі ұғымы бір. «Батыр» сөзі Қиыр Шығыс-
тағы алтай тіл семьясына жататын халықтардан бастап, ба-
тысында Шығыс Европадағы славян тілдес халықтарда, сол-
түстігінде фин-угор тіл семьясына жататын халықтарды, ал
оңтүстікте Солтүстік Кавказ халықтары арасында кең тара-
ған. Бұл феноменнің басты себебі көшпелі дүниенің қозға-
лысқа түсуіне байланысты жаңа әлеуметтік топ «батырлар-
дың» қалыптасуымен тығыз байланысты.
2. «Батыр» сөзінің мэні ержүрек, батыл, эскери өнерді жетік
меңгерген, ерлігімен аты шыққан деген мағына береді. Ал, ба
тыр атағы тек қана адамның жеке бас қаситтеріне, оның әлеу-
меттік шығу тегіне қарамастан берілетін атақ. Батыр сөзінің
Достарыңызбен бөлісу: