1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы жэне дамуы
35
Қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі де көшпелілердің
жауынгерлік рухының жоғары болуын көшпелі мал шаруашылы-
ғының экстенсивті түрімен, эскери артықшылықтарын қоғамның
жалпы қалыпты жағдайы ретінде кең көлемді аумақтарды тұрақ-
ты түрде қорғап отыру қажеттілігін туындаған динамизмнің нэ-
тижесі деп түсіндіреді. Мәселен, көшпелілердің жауынгерлік ру-
хының жоғары болуын Л. Кржевицкий малды тұрақты түрде кү-
зету қажеттілігі өмір салты ретінде қарастырылғандықтан деп тү-
сіндірсе140, Ф. Ратцель көшпелі қоғамның жылжымалылығы мен
жалпы іс-қимылдар жасауға бейімділігімен байланыстырды141
Этнологиялық бағыттағы зерттеулердің көпшілігінде көшпе-
лілердің жауынгерлігі мен батырлығының себептерін олардың
соғысқұмарлығымен байланысты деп түсіндіру басым. Осындай
пікірлердің басым көпшілігі ағылшын зерттеушісі Дж. Флетчер-
дің еңбегінде төмендегідей тұжырымдалған:
1) көшпелілердің ашкөздігі мен жыртқыштық табиғаты;
2) даланың қүрғауы;
3) халық санының өсуі;
4) отырықшы егіншілермен сауда байланыстарының үзілуі;
5) отырықшы шаруашылық өнімдеріне деген зэрулік;
6) көшпелілердің билеуші тобының басқа тайпаларға қатысты
саяси үстемдікке ұмтылуы;
7) өзінің жеке атақ-даңқын шығару мақсаты мен иедеоло-
гиясына байланысты142
Көріп отырғанымыздай, көпшілік зерттеушілер көшпелілер-
дің батырлық өмір салтының қалыптасуы мен жауынгерлік ру-
хының жоғары болуын негізінен еуроцентристік көзқарастар не-
гізінде жалпылама түрде үстірт қарастырған. Біздің пікірімізше,
мәселені, яғни көшпелілер қоғамындағы қандай себеп-салдарлар
батырлық қасиеттердің ерекшеленуіне сұраныс туғызғаны тура-
Достарыңызбен бөлісу: