А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Гейер И.М. Голод и колонизация в Сырдаринской области // Сборник материалов для



Pdf көрінісі
бет35/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   219
145
Гейер И.М. Голод и колонизация в Сырдаринской области // Сборник материалов для
статистики Сыр-Дарьинской области. - Ташкент: изд: Сыр-Дарьинск. Обл. Стат. Комите­
та, 1 8 9 2 . - Т . 2 . - С . 70.
146
 Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общественной организации. - М.:
Изд-во Московского университета, 1976. - С. 22-26.


38
1 -ТАРАУ. Қазақ коғамындағы батырлык дәстүрлердін тарихи бастауы ...
кен, ол жайылымдармен қамтамасыз етуге, жайылымдардың жыл 
мезгілдеріндегі жағдайына, тайпалар мен рулардың көлеміне жә- 
не т.б. жағдайларға байланысты болған. Жайылымдық жерлерді 
пайдалану деректерде эр түрлі бейнеленгенімен, ол жерге байла­
нысты туындаған қақтығыстармен бірге айтылады.
Бұл туралы мәліметтер ерте кезеңнен де белгілі. Мәселен, ғұн- 
дардың бірінші шаньюйі М өденің жерге байланысты көзқарасын 
көрсететін Сыма Цянның белгілі әңгімесі бар. Әңгіме желісі бо- 
йынша ғүндардың ішіндегі талас-тартысты пайдаланғысы келген 
көршілес көшпелі дунху тайпасы олардың ең жақсы атын сұрата- 
ды. Ғұндардың ақсақалдары қарсы болады, бірақ Мөде былай деп 
айтады: «Бір жылқыны аяп, басқа мемлекетпен қалай көрші тұ- 
руға болады»? - дейді де жылқысын береді. Одан кейін дунхулар 
шаньюйдің әйелдерінің бірін сұратады. Ақсақалдар тағы да қар- 
сы болады, бірақ Моде былай деп айтады: «Бір әйелді аяп, басқа 
мемлекетпен қалай көрші түруға болады»? - деп, әйелін береді. 
Сонда дунху тайпасы бос жатқан керексіз шекаралас жерді ғұн- 
дардан беруін сұрайды. Бұған кейбір ақсақалдар былай деп жауап 
қайтарады: «Бұл бос жатқан, керексіз жер, оны беруге де, бер- 
меуге де болады». Бірақ Мөде қарсы шығып: «Жер - мемлекеттің 
негізі, оны беруге болады ма?» деп, жерді беруге келіскен адам- 
дардың басын кесуге бұйрық береді. Еуразияның ортағасырлық 
көшпелілерінің де жағдайы осындай: жылнамалық мәліметтер 
бойынша, печенегтер мен половцылардың арасында жайылым- 
дық жер үшін өткір күрес жүрген. Көшпелі өзбектердің жерді өз 
бетінше пайдалануы соғыстарға алып келгені белгілі. Жаңа за- 
манда қырғыздардың арасындағы «соғыс жайылымдық жерлер 
үшін болған»147 Ең жақсы жайылымдық жер үшін соғыс түрк- 
мендерде де болған. Жайылымдық жердің шекарасын бұзу тек 
қана сол жердің иесінің рұқсатымен болған, ол негізінен белгілі 
бір мезгілдерде немесе табиғат апаттары кезінде жэне көмек сұ- 
раған немесе мал жайғаны үшін ерекше алым төлегені үшін дос- 
тык қарым-қатынастағы тайпаларға берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет