А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. - С. 194



Pdf көрінісі
бет85/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   219
261 Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. - С. 194.
262 Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. - С. 87.
263 Токтабай А.У. Барымта - батырлык мектебі. - 189 б.


2.1. Қазақ коғамының саяси жэне элеуметтік жүйесіндегі батыршылык ...
89
ер адамның күркесіне эйелдер мазақ ретінде қара жалау іліп кете- 
тін264 Бұл айтылғандар аталған халықтарда барымта ісіне қандай 
деңгейде мэн берілгенін көрсетеді. Қазақ халқында да барымта- 
ның өзіндік сипаты болғандығына жоғарыда тоқталып өткенбіз. 
Бір анығы қазақ халқының қоғамдық қүрылымында барымтаның 
мақсаты мен мағынасы, міндеттері өзге халықтардікіне қарағанда 
анағұрлым кең болды жэне батырлар институтының әлеуметтік- 
экономикалық қызметін толықтай көрсетті. Сонымен бірге ба- 
рымтаның, жалпы батырлар институтының ішкі-болмысын ашу- 
да «олжа», «сауға» ұғымдары ерекше маңызға ие.
Біз жоғарыда басқа көшпелі халықтарда барымтадан түскен 
олжаның басым бөлігін ұйымдастырушылар алғандығын атап өт- 
кенбіз. Қазақ халқында да олжаның негізгі бөлігін батырлар ал- 
ғанымен де, өзіндік ережелер сақталған болатын. Қарастырылып 
отырған тақырыптың бір өзегі болып табылатындықтан аталған 
ұғымдарға тереңірек тоқталсақ.
«Олжа» - бұл барымта барысында немесе соғыста қолға 
түскен жаудың қару-жарағы, малы, байлығы жэне тұтқындар. 
Ұғымның мазмұнын толығырық түсіну үшін 2005 жылы жарық 
көрген Ұлттық энциклопедияның 7-ші томында берілген рес- 
ми анықтамаға жүгінсек: «Олжа - дэстүрлі қазақ қоғамындағы 
ұғым. Жорық барысында қолға түскен тұтқындар мен материал- 
дық байлықтар(мал, қару-жарақ, т.б.) олжа саналып, әскерді ма- 
рапаттаудың бір түрі ретінде көрсеткен ерлікке, атақ-дэрежеге 
сай бөлінген. Олжаның бестен бір бөлігі (ең жақсысы) ханның, 
эміршінің үлесіне тиіп, қалғандары жеңіске қосқан үлестеріне 
қарай батырлар мен жауынгерлерге бөлініп берілген. Батырлық 
жырларда қазақ батырларының олжаға түскен қалмақ қыздарына 
үйленгені айтылады. Әскердің, батырлардың, қолбасшылардың 
еңбегін, қызметін эділ бағалап, уақытында марапаттау, олжа беру 
жауынгерлердің эскери рухын көтерген. Бұл эскери дэстүр қазақ 
хандығында XIX ғасырға дейін сақталды. Қазіргі кезде кездейсоқ 
тауып алынған зат олжа болып саналады». Демек олжа жауынгер-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет