2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылык ...
87
болды, ал үшінші біреулері ұлттық деңгейдегі тұлғалар болатын.
Сондықтан алғашқы екі топқа жататын батырлардың іс-қимы-
лын барымтамен байланыстырсақ та,
соңғы топ батырларының
әрекеті барымтадан гөрі шауып алуға, яғни саяси құбылысқа жа-
қынырақ. Көшпелілердегі мұндай құбылысты XVIII ғасырда-ақ
П. Паллас байқаған болатын. Зерттеушінің көрсетуінше кез-кел-
ген
шауып алу, яғни барымта аяқ-астынан пайда болып, оған ру
ішіндегі қайсыбір тәжірибелі адам басшылық жасай алған. Ал ірі
көлемдегі барымта
алдын-ала кеңесте талқыланып, оны басқа-
руға жалпы халық мойындаған тұлға бекітілген256 Бұған қатыс-
ты белгілі тарихшы С. Мәжитов былай деп жазады: «Шауып алу
жүйесі Орта Азия мен солтүстік Кавказдың кейбір халықтарының
қоғамдық даму заңдылықтарымен тығыз байланысты құбылыс...
Шауып алу биліктің ықпалының, рудың байлығының өсуіне эсер
етті. Сонымен бірге жорыққа қатысқан
қарапайым жауынгердің
материалдық сұранысын да қанағаттандырды257 Осылармен бірге
XIX ғасырда қазақ даласында түрлі әскери-әкімшілік істер атқар-
ған Н. Гродековтың еңбегінде келтірілген мэліметтерге сүйенсек,
барымтада белгілі бір ережелер сақталған. Мэселен, бір деректер
бойынша барымта тек түнде ғана орындалса, тағы бір ақпаратта
барымтаның орын алғандығы қарсы жаққа ескертілген258.
Барымтаның тағы бір ерекшелігі ол негізінен тек көшпелі ха-
лықтарға тэн құбылыс. Мэселен, түркменнің аламандары бірне-
ше мың адамға дейін топтасып қорғанысы
нашар бекіністер мен
керуендерді тонаса259, оңтүстік Ирандағы көшпелі кашкайлықтар
XX ғасырдың орта шеніне дейін тұрақты эскерден тайсалмастан
барымтамен айналысып, мұндай
қарақшылықты олар қылмыс
емес, керісінше, тайпаның батылдығы мен айбынының көрінісі
деп есептеген260
Зерттеушілердің көрсетуінше, барымта ұйым-
Достарыңызбен бөлісу: