А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г



Pdf көрінісі
бет92/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   219
280
Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г.
- Казань: Типолитогр. В.М. Ключникова, 1897. - T. 1. - С. 160.
281 Тынышпаев М. История казахского народа: - С. 220.
282 Тынышпаев М. История казахского народа. — С. 221.


2.1. Қазақ қоғамының саяси жэне әлеуметтік жүйесіндегі батыршылык ...
9 7
сатады283 Осы тарихи аңызға қатысты қорытынды жасайтын бол- 
сак. Мұндағы қонтайшы деп отырғанымыз жоңғар нояндарының 
бірі болуы мүмкін. Ал батырдың інісінің өмірін қия отырып ханға 
қарсы тұруынан біз батырдың елшілерге зиян тигізбейтін дала за- 
ңын берік ұстанғандығын анық байқаймыз. Ең бастысы бұл аңыз- 
да батырлар институтының ішкі саяси істерге белсене араласып, 
мемлекеттік маңызы бар шаруаларға азаматтық позициясын та- 
нытуы. Оның үстіне елшінің халықаралық мәселені ханмен емес, 
батырмен талқылауының өзі көп нәрсені аңғартса керек.
Желісі осыған ұқсас келесі оқиға жоғарыда Татищевтің тізі- 
мінде кездесетін табын Бөкенбай батырдың есімімен байланыс- 
ты. Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың ешбір кеңессіз Ресей қарама- 
ғына өту өтінішін жасағандығы тарихи деректерден белгілі. Сол 
өтінішке сай қазақтардан ант қабылдау мақсатында Қазақстан- 
ның батыс өңіріне М. Тевкелев келеді. Ханның халықпен кеңесіп 
іс қылмағанына наразы болған батырлар мен билер елшіні, оған 
қоса ханды да өлтірмек болады. Мәселен, жағалбайлы руының 
батыры Серке «егер де халықтың жэне өзінің тыныштығын сақ- 
тағысы келсе, бізді тыңдасын», - деп Әбілқайыр ханға баласын 
жібереді284 Ханның элсіздігін байқаған М. Тевкелевтың өзі де, 
орталыққа жазған хаттарының бірінде қазақтар ханнан қорық- 
пайды, - деп атап өтеді285 Мұны ханның өзі де мойындап, орыс 
патшайымына жазған хатында халықтың оның заңдарына құлақ 
аспайтындығын өкінішпен баяндаған286 Міне осылайша ханнан 
қолдау таппаған М. Тевкелев өз өлімін сәт сайын күтумен бола­
ды. Сол кезде елшімен бірге еріп келген башқұрт билері оған ел 
ішінде беделді Бөкенбай батырға жолығуға кеңес беріп, өлімнен 
сол құтқарып қалуы мүмкін екендігін жеткізеді. Сөзіміз дэлелді 
болуы үшін құжатқа кезек берсек. «.. .Ордаға атақты Бөкенбай ба­
тыр, оның күйеу баласы Есет батыр немере інісі Қүдаймырза бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет