1 0 0
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдын алгашқы жартысындагы казак қогамында ...
рых оне уведомились, якобы без остатку взяты в Астрахань про
тив шаха персидского, и намерены были жен и детей их к себе в
плен взять»293 Ал, кете тайпасыньщ ту ұстар батырларының бі-
рінен саналатын, 10 мыңға дейін жеткен қолына қолбасшылық
жасаған Арал батыр да Қазақстанның Ресейдің қоластына өт-
уіне қарсы болған адам. Арал батыр туралы орыстың тарихи құ-
жаттарында да кездеседі. Оның бірі 1747 жылы 21 желтоқсанда
Орынбор губернаторы И. Неплюевтің Сыртқы істер алқасына
жіберген хаты294
Баймұрат батыр да Әбілқайыр ханның Ресейдің қарамағына
өту саясатына тікелей қарсылық көрсеткен тұлғаларға жатады.
1731 жылы қазан айында жасағымен Әбілқайыр ханның орда-
сы мен Ресейдің елшілігін қоршап алады. Бұл қоршаудың Әбіл-
қайыр ханға қатты тигені соншалық ол Баймұраттың тұтқындағы
екі адамын босатып жіберуге мэжбүр болған. Өзінің екі адамын
босатып алған соң, Баймұрат бастаған наразы топ аттарының ба-
сын кері бұрған. Ресей империясының бодандығына өтуге наразы
топ 3 қараша күні тағы бір шабуыл ұйымдастырады. Таң атқанша
қиян-кескі ұрыс болады. Дегенмен Баймұрат тобы Тевкелевтің
17 аты мен 3 түйесін айдап әкетті295
Осылайша, батырлардың саяси ұстанымдарына байланысты
мәселе өте шиеленісіп кетті. Ел басына түскен, мұндай шешімі
қиын қоғамдық мәселелердің ел жиынында шешілетіні Тевкелев-
ке жолығуға келген кіші арғын руынан қара балуан Бөгенбайдың
айтқанынан да білінеді. Ол «мамыр айында Орта жүздің бүкіл ел
басшылары: хандар мен сұлтандар, қазақтың түгел ру басыла-
ры жиналған кеңес болады. Егер бодандық мәселесін түбегейлі
шешемін десе елші соған қатыссын» деді296. Тевкелев саяси би-
ліктің тізгіні хандарда емес, би-батырларда екенін үғынған соң
Достарыңызбен бөлісу: