А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 0 6 _______ 2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашқы жартысындагы қазақ қоғамында



Pdf көрінісі
бет102/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   219
1 0 6 _______ 2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашқы жартысындагы қазақ қоғамында ...
309 
Аничков И. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедов. - Алматы: Терме бірлестігі, 1991.
- 8-9 бб.


2.1. Қазақ қоғамының саяси жэне әлеуметтік жүйесіндегі батыршылык ...
1 0 7
рының (барлығы 10 ағайынды) бірін, Майдан қалпе балаларын 
ұстауды өтінді. Хан жоғарыдағы көсемдер ұсталмаған күнде эр 
рудан елу мен жүз арасынан адам ұстап, сол руларды тәуелді етіп 
қоюды талап етті310. Кіші жүз ханының бұл хаты қазақ даласында- 
ғы әлеуметтік-саяси жүйедегі терең дағдарысты анық көрсетеді. 
Қалыптасқан дәстүрлі билік жүйесі мен элеуметтік институттар- 
дың қызметтері ішкі-сыртқы факторлардң шиеленісуінен қарама- 
қайшылыққа ұшырай бастағанын көреміз.
Батыршылық институтының ішкі саяси қызметін айқындау- 
да қазақ қоғамындағы барлық игі-жақсылардың бас қосуымен 
өтетін жиындардың маңызы зор. Олардың ішінде әсіресе қазақ 
қоғамында қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайларды талқы- 
лау үшін ұйымдастырылатын хан кеңесінің өзіндік орны болды. 
Зерттеуіміздің негізі болып отырған батырлар, одан басқа билер 
мен жыраулар кеңестің тұрақты мүшелері болған. Ханның кеңес 
құруы жорық үстінде де, жорық алдындағы дайындық пен бағыт- 
бағдарды айқындау алдында да іске асырылады. Ханның жорық 
кезінде ұйымдастырған кеңесіне, негізінен, батырлар қатысады. 
Хан батырлармен жорық барысында қалыптасқан жағдайды тал- 
қылайды. Батырлар өз кезегінде пікірлерін бүкпесіз айтып, хан- 
ның кейбір шешімдерін қолдамайтындықтарын да білдіріп отыр- 
ған. Бұл эскери демократияның бір көрінісі ретіндегі батырлар 
институтының шарықтау шегіне жеткендігінің белгісі болатын. 
Бұдан басқа да үйымдастырылатын халық кеңестерінің маңызы 
хан кеңесімен қатар болмаса, төмен бола қойған жоқ. М. Гроде- 
ковтың көрсетуінше, ондай халықтық мәслихаттарда мынадай 
төрт мэселе қарастырылған: жайлау, қыстау, соғыс жэне бітім жа- 
риялау311 Бұлардың қатарына хан сайлау мәселесін де кіргізуге 
болады. Тереңірек үңіліп қарастыратын болсақ, аталған мәселе- 
лердің бесеуі де батырлар институтының еркінен тыс шешілме- 
гендігін аңғарамыз. Мәселен, қыстау мен жайлау жер мәселесіне 
негізделгендіктен, соңғы сөз ру басшысы болып келетін батыр-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет