тырушылар. Бұл тархандық лауазымның түркі дәуірінде жоғары
лауазымдық дәрежені білдіргенімен, дэл қарастырып отырған ке-
зеңде тек батырдың баламасы ретінде ғана қолданған деген қоры-
тынды шығаруға итермелейді.
Тархандық лауазымдық атақтан бөлек Ресей экімшілігі басқа
да іс-шаралар жүргізді. Мәселен, арнайы заңмен Жанқожа батыр-
ды Сырдарияның оң жағалауында, Қарақұм мен Борсық құмда-
рында көшіп жүрген ру-тайпалардың басқарушысы етіп бекітеді
және есаул шенін береді309 Бірақ, өзіміз жоғарыда айтып өтке-
німіздей Ресей экімшілігі бекіткен қызметтердің сұлтандар үшін
маңызы болғанымен, батырлар институты үшін дәрежелік мазмұ-
ны болмады. Өйткені батырлар онсыз да өзі шыққан рудың бас-
шыларының бірі болатын.
Сондай-ақ хан-сұлтандардың өзі де кейде батырлардың билі-
гін әлсіретуге мүдделі болғандығын көреміз. Мэселен, Нұралы
хан дэстүрлі билік жүйесіне соққы берудің оңтайлы әдістерін ой-
ластыра отырып, Әбілқайырдың тұсында ел билігіне араласқан
Нүралы хан билігінің адымын ашырмай, тізгіндеп, тежеп отыра-
тын елдің беделді би-батырлары екенін жақсы түсінеді. Сондық-
тан оларға Ресей үкіметін айдап салуды көздей отырып, Орын-
борға жазған хатында Нұралы Орта жүзден төртуыл, қаракесек
ұлыстарының басшылары Қазыбек би, Шақыл, Төлебай, Мырза-
ғүлды, не олардың балалары, тіпті болмаса туыстарын ұстап алу-
ды, сол сияқты қаракерей найман елінен Қабанбай батырды, ал-
тай елінен Тоқбура биді, матай найманның ішінен қолға түскен-
нің бэрін тұтқындауды, аманатқа алып қалуды ұсынады. Ханның
айтуы бойынша бұл аталған көсемдердің бәрі де Ресейге қарсы
істерге басшы, қолдарында орыс түтқындары көп адамдар. Нұ-
ралы Кіші жүздің төртқара руынан Қаратоқа мен Қүдаш билерді,
Мырзакелді батырдың төрт інісін, қарасақал руынан Тілеуберді
батырды жэне туыстарын, шекті, ақкете руынан Қайғу мен Қал-
мақай билерді, байбақтыдан Ақжігіт, Қара биді, таз елінен Есен*
келді, Тімғана билерді, ысық ішінен Қадырқүл, Басман балала-
Достарыңызбен бөлісу: