А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского наро­



Pdf көрінісі
бет100/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   219
305
Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского наро­
да (1737-1838 гг) // Очерки по истории национального движения Казахстана в 
2
-частях.
- Кзыл-Орда, 1926. - С. 269.
306
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (Сборник документов и материалов).
- С. 258-259.


2.1. Қазак қоғамының саяси жэне әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
1 0 5
ніспеушілікте екі жақты саясат ұстанды. Оның бір айқын дәлелі 
жоғарыда өзіміз тоқталып кеткен Жанқожа батыр мен сұлтандар 
арасындағы кикілжіңде орыс экімшілігінің батыр тілектерін қа- 
был етуі. Бұған қоса аталған батырға қатысты губернатор Перо- 
вскийдің қызметкерлеріне берген төмендегідей тапсырмасы көп 
жайттарды аңғартса керек: «... эзірше батырды сылап-сипап оның 
ашуын келтірмеңдер, ол элі бізге қажет307 Мұндай саясат жалғыз 
Жанқожа батырға ғана емес, жалпы қарастырылып отырған ке- 
зеңдегі ішкі жэне сыртқы саяси қарым-қатынастарда ықпалы бар 
тұлғалардың барлығына қатысты қолданған деп түсіну керек.
Ресей экімшілігінің батырлар институтын өздерінің саясатына 
пайдалануының тағы бір көрінісі «тархандық» лауазымын енгі- 
зуден байқалды. Тархан атагын иеленгендердің қатарында шақ- 
шақ Жәнібек Қошқарұлының, Есет Көкіұлының, Жоламан Тілен- 
шіұлының, Сырым Датұлының болғандығына қарап, бұл лауазым 
көп жағдайда беделді батырларға ғана берілген деп қорытынды 
жасай аламыз. Шындығына келгенде тархандық элеуметтік инс­
титут ретінде түркі дәуірінен бастау алып, түркі-моңғол тұтасты- 
гы ыдырай бастаған XV гасырға дейін түрлі даму кезеңінен өтті. 
Ал Ресей экімшілігі болса, бұл институтты дэстүрлі билікке қа- 
рама-қайшы қоятын күш ретінде пайдалануға ұмтылды. Танымал 
тарихшы М. Қозыбаев осыған қатысты былай деп жазды: «Патша 
Жәнібекке тархандықтың бірінші дәрежесін, Тама Есетке екінші 
дәрежесін берді. Беріп қоймады, Есеттің іші күйсін, екі батыр- 
дың арақатынасы шиеленісіп, қазақ тайпаларының, жүздерінің 
арасындағы қарым-қатынас бұзылсын деп есептеді»308 Бір жа- 
ғынан зерттеушінің тұжырымында шындық болғанымен, екінші 
жағынан алып қарайтын болсақ, ең маңыздысы - бұл кұбылыс- 
та да зертттеу нысанымыз батырлардың алдыңғы орында жүруі. 
Бір байқайтынымыз тархандық атақты XVIII ғасырдың соңы мен 
XIX ғасырдың алғашқы ширегінде иеленген батырлар осы лауа- 
зымды бекіткен Ресейге қарсы азаттық көтерілістерді ұйымдас-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет