А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. - С. 365



Pdf көрінісі
бет99/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   219
300
 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. - С. 365.
301
Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. - СПб.: Тип. Э. Веймара и
Ф. Персона, 1865. - С. 67-68.
302
 Шойынбаев Т. Восстание Сыр-Дарьинских казахов. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР,
1949.- С . 33-34.
303
Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. - Оренбург, 1900. - С.
406.
304
 Шойынбаев T. Восстание Сыр-Дарьинских казахов. - С. 30.


104
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдын алғашкы жартысындагы казак қогамында ...
емес, жанынан табылған батырлардың санына карай артатынын 
сұлтандар түсінетін. Сондықтан да олар айтулы батырлармен дос- 
тық, туысқандық т.б. қарым-қатынастар орнатуға тырысатын не- 
месе ерекше сый-сияпат беретін. Султан Баймұхамед Айшуақұлы 
Ордада тыныштық орнатуда Сүйінқара батырға сүйену үшін оған 
бір үйір жылқы береді305 Орыс әкімшілігінің қызметіндегі сұл- 
тандар өздеріне берілген тапсырманы орындауда батырлар инсти- 
тутының өкілдерін іске қосуға күш салған. Ал егерде қазақ елінің 
ішкі жүйесінде Ресей белгілеген қызметтерден сұлтандар тыс қа- 
лып жатса, олар өздерінің қарсылықтарын білдіруге тырысатын. 
М ұнда да олар батырлардың қолдауынсыз ештеңе істей алмай- 
тындарын түсініп, зерттеу нысанымыздың қызметтеріне жүгі- 
нуге мэжбүр болған. Сөзіміз дэлелді болуы үшін дереюсе кезек 
берсек: «Біздің қүрметті ағамыз Сүйінқара батырға... сыйласты- 
ғымызды білдіреміз.
Сен тау шыныңдағы арыстан ретінде, бүкіл халықтың ар-на- 
мысы үшін ештеңеден аянбадың. Сенің тірі кезіңде-ақ біз орыс- 
тардан қысымшылық көріп отырмыз. Егер сен бізді өзіңнің туы- 
сың жэне бауырың ретінде санасаң, онда азаматтарыңмен бірге 
бізді құтқар»306
Отарлау саясаты қарқынды жүруі үшін қазақ қоғамының ерек­
ше лігін зерттеген орыс үкіметі, ру-тайпалық жүйеге негізделген 
қазақтың қоғамдық формациясында батырлар институтының 
өздері қолдау білдіріп отырған хан-сұлтандық институттан әл- 
деқайда жоғары екендігін түсінді. Сондықтан олардың саясаты 
дэстүрлі билік жүйесін сақтай отырып, батырлар қауымына өз- 
дерінің тұрғысынан алып қарағанда белгілі бір артыкшылықтар 
беруге негізделді. Бір сөзбен айтқанда қазақ қоғамында онсыз да 
жетекші рөл атқарған батырлар тобына ерекше бір билік лауа- 
зымдарын ұсынуға тырысты жэне эр түрлі сый-сияпаттар арқылы 
олардың көңілін аулап, батырлар мен сұлтандар арасындағы түсі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет