2.2. Батыршылық институтыньщ сыртқы саяси карым-катынастағы орны мен ролі
1 2 1
тапқандығы, батырларымыздың есімі ел ішінде ғана емес, сыртта
да танымалдылығының көрінісі. Яғни, бұл батырлар институты
ньщ сыртқы саясаттағы іс-әрекеттерінің жеңісі деп қорытынды-
лауымызға болатындай. Батырларымыздың сыртқы саяси оқиға-
ларға бел шешіп араласқандығын 1752 жылы орын алған «кара
калпак оқиғасы» одан әрі нақтыландыра түседі. Аталған жылдың
көктемінде жоңғар қонтайшысы Лама Доржы Шыршық өзенінің
жоғарғы ағысында орналасқан қарақалпақтарға жоңғар хандығы-
ның қарамағына қосылыңдар деп елшілік жібереді. Алғашында
қазақтардан біраз қысымшылық көрген қалпақ билеушілері ке-
лісім беріп, ал дэл сөзден іске көшетін шақта өзге діндегі жоңғар
қарамағында болғанша туысқан қазақпен бірге боламыз деп, ай-
нып қалады. Бұған ашуланған жоңғар басшысы оларды күшпен
басып алуға шешім қабылдайды. Істің насырға шапқанын сезген
қарақалпақ билеушілері Қабанбай батырға елші жіберіп көмек
сұрайды. Мұндай өтінішті ерекше ілтипатпен қабыл алған батыр
бірден жорыққа аттанады333 Мұның бәрі қазақ батырларының
сыртқы саясатта елдің қамын ғана емес, бауырлас халықтарды да
сыртқа теппей, тұтастық идеясын басты назарда ұстаған д ығы нан
хабар береді.
XVIII
ғасырдың екінші жартысынан қазақ батырларының
сыртқы геосаясатында «жоңғар факторы» күн тәртібінен түсіп,
есесіне «қытай факторы» пайда болып, қазақ мемлекеті алып
империямен бетпе-бет келеді. Көрші халықтармен саяси қарым-
қатынас жүргізуде бай дәстүрі бар қытаймен байланыс жасауда
ерекше сақтық пен ыждаһаттылық керек екендігін батыр билері-
міз түсінді. Жалпы 1755-1799 жылдар аралығында қазақтар та-
рапынан қытайға жиырма елшілік жіберіліп, оның жартысына
жуығын батырлар мен билер басқарғандығы тарихи деректерден
белгілі334
Сонымен бірге батырлар институтыньщ өкілдері жоңғарлар-
дан босаған өздерінің ата-мекендеріне халықты қоныстандыру-
Достарыңызбен бөлісу: