А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Ақберен. XVIII-XIX ғасырлардағы қазак ақын-жырауларының жырлары: оқу куралы



Pdf көрінісі
бет129/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   219
364
 Ақберен. XVIII-XIX ғасырлардағы қазак ақын-жырауларының жырлары: оқу куралы.
-Алматы: Жазушы, 1972. - 125 б.
365
 Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері,
салт-дэстүрлері. - 96 б.


1 38
З-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
Жарақшылар мұнда жоқ,
Жанқалап сүйек аларға,
Жарып малта саларға» 366
Қазақтар қорғаныс жарақтары ретінде сауыт, көбе сауыт, кі- 
реуке сауыт, берен сауыт, қаттама сауыт, жалаңқат сауыт, тор- 
ғауыт сауыт, шарайналар, дулыға, қалқан, ат сауыттары т.б. қол- 
данған. Садақты, жақты ұстаудың екі әдісі болтан: 1. Белінен ұс- 
тау, 2. Иінінен ұстау367
Ал, Кіші жүздің айтулы садақкері Бүркірек Марқадамұлы он 
екі тұтам оқ атады екен. Оның он екі тұтам оқты деп аталатын 
себебі екі садағы болады екен. Бірі жеңіл қол садақ, екіншісі кісі 
бойындай ауыр көн садақ, сол көн садаққа он екі тұтам ұзын же- 
бе салып, көн садақтың кірісін басын іліп, өзі шауып бара жатқан 
аттың екінші қапталына еңкейіп, бүкірейіп элгі ұзын оқты топ- 
талған жауға атады екен.
Есентемір тайпасынан шыққан садақшы Көктаубай батырдың 
мергендігіне тэнті болған ел оны «Көк садақты Көктаубай» деп 
атаған. Ел аузында өзінен басқа ешбір жан тарта алмайтын сол 
садағын Исатайдың қолына тапсырған көрінеді368.
1698 жылға қатысты құжаттарда Сырдарияның төменгі ағы- 
сындағы қалаларда тұратын қазақтар мен қарақалпақтардың қор- 
ғасын балқытып, жез өндіріп, селитра, оқдэрі жасайтындығы, ал 
отқаруды Бұхарадан әкелетіндігі туралы мәліметтер кездеседі. 
Қаратау тауындағы кен өндіру мен оқдәрі жасау кәсібі негізінен 
бұхарлық тұтқындарының жұмыс күшімен іске асырылып отыр- 
ған. Ал. XVII ғ. 30 жылдары Қаратау тауы кен орындарымен ко­
са, Сырдарияға жақын таулы өлкелерде де қазақтар мен қарақал- 
пақтар қорғасын балқытып, одан оқтар құйған екен369


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет