4.1. Батырдыц әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
161
сословиелік белгісі. Батырлар әулетінде қару-жарақ атадан бала-
ға мүра болып қалдырылды. Егер мұра жоқ болған жағдайда ба
тыр өлгенде қаруын бірге көмген. Оны сындырып, бүлдіру ыры-
мы бар.
Эпос қаһарманы үшін де, кейінгі қазақ батыры үшін де
қару-
жарақ өте қасиетті бұйым болып саналған. Қару-жарақ түрлерін
қасиетті деп санау халқымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде
қалыптасқан салт-дэстүрлерінен айқын көрінеді. Мэселен, туыс-
тас түркі халықтарының бірі башкұрттар да қару-жарақ түрлерін
үйлерінің төріне, көрнекті жерлеріне іліп қоятын дэстүр элі күнге
дейін сақталған427 Ал, түркмендер үйдегі
қару-жарақ Қағбаға қа-
рап тұрған қабырғада ілулі тұруы тиіс деп санайды. Қарау-жарақ
иесінің рұхсатынсыз оған ешісімнің қол тигізуге құқығы жоқ428.
Жалпы қазақ батыры үшін жеке әскери қару жарағын асынып
жүру ең басты талап болды. Қару-жарағынан
айрылып қалу өзі-
нің ар-намысын жоғалтумен пара-пар деп саналды. Бұған атақты
«Жеті жарғы» заңы бойынша қару-жарағы жоқ батырдың кеңеске
қатысуға құқының болмауы дэлел бола алады. Бұл жағдай ауыз
әдебиеті үлгілерінде айқын көрініс берген. Мәселен «Едіге» да-
станында
хан жұмбақ жасыра отырып, Едігені қару-жарағынан
айыруды басты мақсаты етіп қояды. Бұл ханның Едігені тез жеңу-
ді көздеуі болса, екінші жағынан оның азаматтық ар-намысын тү-
сіруді мақсат тұтуы еді. Себебі Едігенің қылышы - ата-бабасынан
қалған қасиетті қару.
Бұл қаруды жоғалту Отан, ата-баба, бола-
шақ үрпақ алдында бар беделінен айырылуды білдірді.
Археолог
ғалымдар көне замандардан бері түркілердің жерлеу ғұрыпта-
рында жауынгер-батырды барлық қару-жарағымен бірге жерлеу
дэстүрі болғанымен, бірақ қылышты басқа қарулармен бірге қоса
жерлемейтіндіктерін атап өтеді. Себебі қылыш атадан балаға му
ра ретінде өтіп оты рған429
Достарыңызбен бөлісу: