4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыкка тәрбиелеу мен баулу ісі
191
тау мәртебесіне көбінесе беделді сұлтандар, билер, батырлар ие
болып, бас қолбасшыдан кейінгі екінші тұлға ретінде бағалана-
тын. Екі жақтың қоян-қолтық ұрысы кезінде туды жығу мақса-
тында арнайы тосын әрекеттер ұйымдастырылатын. Ал, ту ұс-
таушы сарбаздың мерт болуы немесе тудың жығылуы сарбаздар
арасында бей-берекетсіздікке соқтырып, тіпті әскердің жеңілуіне
экеп соқтыратын507
Сотые тулары - қазақтардың әскери қарулануының бас бел-
гісі. Тулар кем дегенде екі қызметті орындайды: олар қасиетті
белгі жэне үрыс кезінде әскер басқаратын бірден-бір пайдалы
жағы болды»508 Жалпы түркі-моңғол халықтары ежелден туды
ру-тайпалық одақтың дэнекері, жорықтарда рух беруші санатан.
Зерттеушілер қазақ даласындағы ортағасырлар кезеңіне жататын
петроглифтерде байрақтың көп кездесуін жотарыда аталтан ерек-
шелікпен байланыстырады. Ә.Т. Қайдаров қазақ эпосындағы ба
тыр жауынгерлердің қару жарағы мен рэміздерін зерттей отырып,
халық шығармаларында ақ, жасыл, сары, қызыл, қара тулармен
қатар, көп түсті, яғни, ақ жасыл, ақ сары, ақ қара тэрізді тулардың
да кездесетіндігін айтады 509
Қазақгар ел есінде қалған атақты батырлардың туларын атадан
балаға мұра ретінде қалдырып отырған. Мәселен, халқымыздың
этногенетикалық толғауы болып табылатын шежіреде Абақ-Керей
тайпасының көрнекті тұлғаларының бірі - Шақшақұлы Жэнібек
батырдың туы туралы айтылады. Жэнібек туы Абақ-Керей тайпа-
сының қасиетті туы ретінде саналған әрі бейбіт өмір кезінде ар
найы сандықта сақталып, оның үстіне отыруға тыйым салынған.
Ту халықтың немесе белгілі-бір тайпаның желеп-жебеп жү-
рушісі, рухтандырушысы болып табылады. Ту - халық бірлігінің
символы. Бұл ру-тайпалық қүрылым мен мемлекет құрлысында-
ғы тудың негізгі маңыздарының бірі. Бұл жөнінде А.П. Оклад
ников: «Ту - жалпы тайпалық немесе рулық бірлестіктердің зат-
Достарыңызбен бөлісу: