1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы жэне дамуы
53
рыда айтып өткен араб бедуиндерінде
тайпаны тек қана әскери
көсемдер - сеийттер басқарғанынан көреміз деген тұжырым жа-
сайды184
Дәстүрлі қазақ қоғамына тэн билер институтының ерекшелік-
тері туралы жаза келе, зерттеуші А. Оразбаеваның «XIV-XVI ға-
сырлардағы қазақ қоғамының элеуметтік өміріндегі билер инсти
туты өзінше дербес, ара-жігі басқадай элеуметтік топтардан ажы-
ратылған құрылым деуге келмейді»185 -
деген тұжырымын батыр-
шылық институтына да толық қолдануға болады. Бұл пікірімізге
халық ауыз әдебиеті деректерінен мол мысал кетіруге болады.
Қазақ хандығы құрылуының қарсадындағы Шығыс Дешті Қып-
шақтың беделді билерінің
бірі - Ақжол тек би ғана емес, батыр.
XV ғасырда өмір сүрген Қазтуған; Доспамбет,
Шалкиіз Тілен-
шіұлы, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді жыраулар да қол баста-
ған батырлығымен танылған тұлғалар. Зерттеуші А.Оразбаева
сөз болып отырған кезеңдегі би, жырау, батыр ұғымдарының өза-
ра тығыз астасып жатқаны күмэн туғызбайды жэне мүның белгілі
тарихи негізі де жоқ емес, - деп атап өтеді186
Зерттеуші Т.И. Сұлтанов та «би» сөзі ежелгі «бек»
сөзінің сэл
өзгерген атауы деп көрсетеді. Себебі би сөзі XV ғасырға дейін-
гі деректерде кездеспейді. Түркінің «бек» сөзі моңғолдың ноян,
араб-парсының эмір сөзіне сәйкес келеді деп жазады187
Билер
төрт қасиеті: әскербасы, экімшілік тұлға, судья, дала ақсүйегі-
нің өкілін біріктіруші. Дешті-Қыпшақтың
билері немесе бектері
Шыңғыс түқымдарынан да ежелгі, дэстүрлі ұлыстық ақсүйектер-
дің өкілдері.
Жоғарыдағы пікірімізді Тоқтамыс хан дәуіріндегі тарихи тұл-
ға Қарақожа батырдың мысалында да дәлелдеуге болады.
«Едіге» жырының Ш. Уэлиханов жэне Қ. Сәтпаев жариялаған
нұсқасында Арғыннан шыққан Қарақожа батыр Тоқтамыс хан-
Достарыңызбен бөлісу: