де көшпелі қоғамның қозғалысқа түсуімен батырлардың қо-
ғамдық-саяси өмірдегі рөлі ерекшеленіп, «батырлар культі»
пайда болады. Батыршылық институтының қалыптасу үрдісі-
нің генезисі мен барысы батырлар жырынан көрініс тапқан.
- ортағасырлар кезеңінде жаңа рулық, тайпалық бірлестнегер-
дің құрылуы жекелеген тұлғалардың батырлық қасиеттерімен
тікелей байланысты болды. Сондықган көшпелілердің мем-
лекеттілік мэселелері зерттеушілер еңбектерінде «көсемдік»
(«вождество») деп аталып, оның түрлері айқындалды.
- Моңғол шапқыншылығының нәтижесінде батырлардың же-
ке көсемдік қызметтері шектеліп, батырлық тек жеке тұлға-
лық қасиет ретінде қарастырылып, олардың қоғамдық-саяси
өмірдегі белсенділігі бәсеңдейді. Батырлардың қоғамдық
өмірдегі белсенді элеуметтік топ ретінде көрініс беруі XIV-
XV ғасырлармен тығыз байланысты.
- XIV-XVI ғасырлардағы қазақ қоғамьшьщ элеуметтік өмірінде-
гі батырлар институтын өзінше дербес, ара-жігі басқалай әлеу-
меттік топтардан ажыратылған құрылым ретінде қарастыруға
келмейді. Дэстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар мен билер
институтының қызметгері бір-бірімен астасып жатты. Оны ор-
тағасырлық «бектердің» атқарған қызметінен айқьш көреміз.
- Батыршылық институтының генезисі мен қалыптасуы-
ның кезеңдерінде, даму эволюциясында көшпелі қоғамның
өзіндік ерекшеліктері маңызды рөл атқарды, батыршылық
институты көшпелі қоғамның шаруашылықтық-мәдени ке-
шенінің қалыптасуы нәтижесінде пайда болған элеуметтік
сұраныстың қажеттілігі ретінде пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: