88
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдын алғашкы жартысындагы казак қогамында ...
дастырушылар екі мақсат көздеген. Біріншісі, олжа түсіру, енді
бірі әлеуметтік статусын жоғарылату болған. Түркмендерде ала-
ман басшылары басқаларға қарағанда екі есе мөлшерде олжа ал-
са261, оңтүстік иран тайпаларының басшылары әр түрлі мәлімет
бойынша олжаның оннан бірінен оннан бесіне дейінгі мөлшерін
алатын болған262 Олжадан елеулі үлес алмайтындар барымтаға
әлеуметтік дэрежесін жоғарылату үшін қатысқан. Tie қаққан жа-
уынгер үшін барымта қоғамдық дәрежесін одан ары бекіте түсу
болса, жастарға көпшілік ортаға таныла түсу мүмкіндігін бере-
тін. Жалпы көшпелілер қоғамындағы барымта батыршылдыққа
өтетін саты болды деп айтуға болады. Оған Созақ өңірінде өмір
сүрген Абақ батырдың өз ауызынан айтылып, ұрпақтарында сақ-
талған мынадай эңгіме дәлел бола алады: «Мен 13 жасымда ере-
сектерге ілесіп, жылқы күзетіне шықтым. Ол кезде барымта көп,
алып кетті, қуып кетті деген сөз құлаққа күнде естіледі. Қалмақ
тие ме, қырғыз тие ме немесе қазақтың өз барымта - сырымта-
шылары тие ме, әйтеуір, тыныштық жоқ. Қан-жоса болып, таяк
жеген күндер де аз болған жоқ. Сөйтіп жүріп сүйек қатты. Мал
адамның бауыр еті, айдап кетіп бара жатса, қалай жібере бересің,
шыр пыр болып жылқыны бермеуге әрекет етесің, жау сені аямай-
ды, сойыл сілтеп, үрып түсіруге ұмтылады, сен де қарап тұрмай-
сың, қарсы қару жүмсайсың, бас та жарылып, қол да мертігеді.
Ағайын арасында кемшілік көргені маған келіп шағынды.
Найзаға сүйеніп тұрып ұйықтап, ат үстінде тұрып су ішкен күн-
дерім көп болды. Сол жылы он тоғызда едім. Содан былай менің
қатарларым батыр деп дәріптейтін болды»263
Сонымен бірге барымта арқылы арнайы бір ритуалдык бел-
гілер анықталған. Солтүстік сомалилықтар жауынгер қатарына
өту үшін көршілес тайпаға қарсы жорыққа қатысуы керек бол
ды. Аравияның, Сирия шөлінің жэне Иран қосөзенінің бедуинде-
рінде тонаушылық жорықта өзін көрсетпеген жігіт эйелсіз қалу
қаупінде болған, не болмаса нақты себепсіз жорыққа қатыспаған
Достарыңызбен бөлісу: