А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ



Pdf көрінісі
бет87/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   219
267 Алдаспан. - 196 б.
268 Қазақ халык әдебиеті. Көп томдьщ. Батырлар жыры. - Алматы: Жазушы, 1989. - Т. 4. - 196 б.
269 Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. Батырлар жыры. - 196 б.
270 Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. Батырлар жыры. - 305 б.


92
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындагы казак қогамында
«Қалмақты тас-талқан ғып шауып алды,
Қалың қол көп олжаға батып қалды,
Он нарға тоғанақтап жасау артып,
Сабалақ Бөкеңе әкеп тарту салды271
Жалпы, жоғарыда келтірілген жыр үзінділері қазақ қоғамында, 
соның ішінде батырлар институты қызметінде олжаның өзіндік 
ерекшеліктері болғандығын анық көрсетіп отыр. Біздің жоғарыда 
олжаның басқа көшпелі халықтарға қарағанда, казақ қоғамында 
мағынасы кең жэне мазмұны терең деуіміз осыдан. Мұның өзі те- 
гіннен-тегін емес. Өйткені оның тарихи тамыры көне түркі дәуі- 
рінде қаланғандығын деректер растай түседі. Сөзіміз дэлелсіз 
болмас үшін көне түрік жазба ескерткіштеріндегі үзіндіге кезек 
берсек: «Қаған болғанда жорықтарға шығып, мүсәпірлер мен ке- 
дейлердің жағдайын көтердім, кедейлер бай бодцы...» не болмаса 
«...баса кіріп (ол елден) қызыл алтын мен ақшыл күміс, қызыл 
жібек пен асылтастарын, қисапсыз (эр түрлі) алымдар әкелдім», 
- деп түрік қағандарының бірі тас бетіне бедерлеген272
Батырлар институты әлеуметтік-экономикалық қызметінде 
«олжа» ұғымымен қатар «сауға» сөзі жапсарлас жүреді. Әдетте 
«олжа» соғысқа қатысқан адамдар арасында жэне жорыққа қаты- 
сып, қайтыс болғандардың отбасыларына бөлінсе, ал «сауғаның» 
бірнеше түрі болған. Алғашқысы ол жорықтан қайтқан батырдан 
сыйлық алудың бір түрі. Бұл ұғымның тікелей әскери олжамен 
байланыстылығын халық арасындағы «батырдан сауға, аңшыдан 
сыралғы» сөз тіркесі дәлелдей түседі. М әселен, «Ақжолтай Ағы- 
бай батыр» жырында:
«Біреуі сол тоғыздың Ақауыз ат 
Порымы жануардың жылқыдан жат.
«Сауға» деп Ер Наурызбай сүрап алды,
Жүрісі, сүйегімен бэрі де ұнап»273


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет