А. Ж. Асамбаев техника ғылымының кандидаты, доцент


СҮМ-нің дамытушылық аспектісі



бет47/159
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#14229
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі павлодар мем

СҮМ-нің дамытушылық аспектісі – бұл мұғалім үшін ең қиын аспект. Бұл немен түсіндіріледі? Бұл қиындықтардың туындауының екі себебі бар. Біріншісі – көп жағдайда мұғалім оқутәрбие үрдісімен салыстырғанда, баланың дамуы анағұрлым баяу жүретінін ескермей, әр сабаққа жаңа дамытушылық мақсат қоюға тырысады. Екіншісі – даму дербестігіне өте қатысты болып келеді және ол маңызды дәрежеде дұрыс ұйымдастырылған оқу мен тәрбие нәтижесі ретінде іске асырылады. Бұдан шығатын қорытынды: мақсаттың бір дамытушылық аспектісі бірнеше сабақтың үшбірлік мақсатында тұжырымдала беруі мүмкін, ал кейбір кезде бір тараудың сабақтарына да жарайды.

СҮМ-ң дамытушылық аспектісі бірнеше блоктан құралады:

Тілді дамыту – сөздік қорды молайту және күрделендіру; оның мағыналық функциясын күрделендіру (жаңа білім түсінудің жаңа аспектілерін әкеледі); сөздің коммуникативтік қасиеттерін кеңейту (бейнелі, айқын, мәнерлігі); оқушылардың тілдің шығармашылық кейіптері мен мәнерлі қасиеттерін үйренуі. Тіл дамуы – оқушының интеллектуалды және жалпы дамуының көрсеткіші.

Ойлау қабілетін дамыту сұрыптауға, басты ойды ерекшелеуге, ұқсастықты құруға, салыстыруға, жалпылау мен жүйелеуге, дәлелдеу мен теріске шығаруға, ұғымдарды анықтау мен түсіндіруге, мәселені қою мен шешуге үйрету. Бұл амалдарды үйрену – ойлай білу дегенді білдіреді.

Сенсорлық өрісін дамыту – мұнда көз өлшемін дамыту, кеңістік пен уақытты тұспалдау, түстің, жарық пен көлеңкенің, пішіннің, дыбыстың, сөз реңінің дәлдігі мен сезімталдығын

(нәзіктігін) айыра білу.



Қозғалыс жүйесін дамыту – ұсақ бұлшық еттердің моторикасын, өзінің қозғалыс әрекеттерін басқара білу, ыңғайлы қозғалысты дамыту, қозғалыс өлшемін және т.б. меңгеруді қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет