А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі



бет13/34
Дата05.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#134645
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

Қайталау үшін сұрақтар



  1. Дикция дегеніміз не?

  2. Ән айтудағы дикцияның негізгі ережесі неде?

  3. Дауыссыз дыбыстар қалай топтасады?

  4. Дикциямен жұмыс істеудің қандай түрлерін білесіз?

  5. Артикуляция тікелей неге байланысты?



10. ӘН АЙТУ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ

Хормен жұмыс жасау барысында арнайы жаттығуларды айту, яғни дауыс жаттығуларын орындау вокалды дағдыларды қалыптастыруда үлкен маңызы бар. Ән айту өнері көркемдік-техникалық элементтердің күрделі кешенін меңгеруді талап етеді. Бұл оқушылардың зейінін нақты вокалды-техникалық міндеттерге аудару жолы арқылы жүзеге асады. Соған байланысты мақсатты бағытталған, біртіндеп күрделенген музыкалық жаттығу материалдары белгілі дағдыларды бекітуге ықпал етеді. Арнайы жаттығулар және дауыс жаттығулары оқушылардың ән айтуын дамыту деңгейіне сәйкес таңдалады және оқыту барысында біртіндеп күрделенеді.


Оқушылардың сабақ барысына қойылатын оқу міндеттеріне саналы қатынасын тәрбиелеу вокалды хор жаттығуларымен жұмыс жасаудың бірінші шарты болып табылады.
Жаттығулар жүйесінің екінші шарты оқу міндеттерін бірте-бірте және бірізді күрделендіру болып табылады. Жаттығу барысында қарапайымнан күрделіге, түсінікті, қолжетерліктен – күрделіге өту маңызды. Кез келген жаңа жаттығу алдыңғы жаттығумен байланысты болуы қажет, яғни жаттығуларды әншілік дайындық пен аталған хор ұжымының мүмкіндіктеріне сай таңдау керек.
Жаттығулар жүйесінің үшінші шарты дағдылардың білім беру процесіндегі ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Бұл процесс қабылдау мен ережелерді меңгерудегі шеберлікті қолданудан, осы шеберлікті бекітуден, дағдыны бірте-бірте қалыптастырудан тұрады. Таныс материалды қайталаудағы жаңа ән, жаңа жаттығу, жаңа міндет, дағдыларды бекітудегі жаңа әдістемелік тәсіл, басшының эмоционалдығы – мұның бәрі ән айту дағдысын қалыптастырудағы жұмыс барысында белсенділікті, зейінді, қызығушылықты қолдауға ықпал етеді.
Төртінші шарты – тапсырмалардың біртұтас кешенін қамту, олардың әртүрлілігі, жаттығулардың белгілі көркемдік-техникалық міндеттердің айналасына шоғырлануы, соған сай дағдыларды меңгеруге ықпал етеді. Бірақ осы міндеттерді жеңілдікті қамтамасыз етумен, дауыс белсенділігімен, нон легато штрихымен ән айту дағдысын қалыптастырумен үйлестірмесе, ән айтуда ауыр дыбысталу пайда болып, икемділік пен көркемдік жоғалады.
Вокалды-хор жаттығулар жүйесінің бесінші шарты үздіксіз және бірізді жұмыстардың қажеттілігі болып табылады. Сабақтардың үздіксіз жүргізілмеуі, олардың арасындағы уақытқа байланысты үзілістер дағдылардыңң жоғалуына әкеп соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет