А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі



бет12/34
Дата05.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#134645
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

Қайталау үшін сұрақтар



  1. С. Мұхамеджанов сөзі М. Хәкімжанов «Алақай» әніне қандай дыбыс атакасы сәйкес келеді?

  2. С. Мұхамеджанов сөзі М. Хәкімжанов «Алақай» әніне қандай әуен жүргізу тәсілі сәйкес келеді?

  3. Б. Ғизатов сөзі Ж. Нәжімеденов «Әліппе» әніне қандай дыбыс атакасы сәйкес келеді?

  4. Б. Ғизатов сөзі Ж. Нәжімеденов «Әліппе» әніне қандай әуен жүргізу тәсілі сәйкес келеді?

  5. Берілген екі әнді дирижерлаңыз.



9. ДИКЦИЯ

Дикция сөзі грек тілінен аударғанда «айту, сөйлеу» деген мағынаны білдіреді. Хорда жақсы дикцияны қалыптастыру үшін, аудиторияның орындайтын шығарманың мазмұнын толық меңгеруі негізгі міндеттің бірі болып саналады.


Ауызекі сөйлеу көмей бұлшық еттерімен тіл мен төменгі жақ бұлшық еттерінің қызметі арқылы жүзеге асады. Сөйлеуге кәсіби қатысы бар мамандар: оқытушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер, лекторлар артикуляциялық аппараттың қысым күші салдарынан әртүрлі ауруларға шалдығады.
Ән айту кезінде көмейдің еркін күйі үлкен роль атқарады. Көмейге артық күш түсу салдарынан оның жұмыс қызметі әлсіреп, ауруға ұшырауына себеп болады.
Ауызекі сөйлеуге қарағанда, ән айту кезінде ауыз қуысы сөзді қалыптастырудан басқа, ән айту дыбыс резонаторы қызметін де атқарады.
Артикуляциялық қозғалыстың дәлдігі көмейге берілетін бұлшық ет қысымдарын тудырмауы керек. Әсіресе, көмеймен тікелей байланысты тілдің ұшының бұлшық етіне қысым түсіру өте қауіпті.
Әннің әуені мәтінмен тікелей байланысты. Хормен жақсы ән айтудың басты шарты ән мәтініндегі сөздерді дәл, анық айту болып саналады.
Хордағы дұрыс дикцияны қалыптастыру барысында ән айту кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды қатесіз айтуға байланысты жаттығу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Дауысты дыбыстарды айтудағы негізгі кезең - оларды таза, бұрмаламай айту.
Сөйлеуде дауысты дыбыстарды дәл айтпау сөздерді түсінуге онша әсер етпейді, сондықтан дауыссыз дыбыстар негізгі мағыналық рөл атқарады. Ән айтуда дауысты дыбыстардың ұзақтығы бірнеше рет артады, дыбыстаудағы дәл айтпау көрінеді және дикцияның анық болуына кері әсерін тигізеді.
Ән айтудағы дауысты дыбыстарды айту ерекшелігі олардың біртұтас жүйеде қалыптасуына байланысты болады. Сондықтан бұл хор даусының тембрлік тегістігі мен партиялардағы жақсы унисонға жетуді қамтамасыз етуге қажет.
Ән айту дикциясының негізгі қағидасы дауыссыз дыбыстарды қысқа әрі белсенді айту болып табылады. Дауыссыз дыбыстардың жасалуы дауысты дыбыстарға қарағанда, сөйлеудегі ауаның шығу жолында кедергінің пайда болуына байланысты екені мәлім. Дауыссыздар ұяң және үнді болып екіге бөлінеді.
Дауыс аппаратының функциясына қатынасына байланысты дауысты дыбыстардан кейін, екінші орынға жартылай үнді дауыссыз дыбыстарды: м, л, н, р қоюға болады. Олар созылыңқы болады және дауысты дыбыстармен тең дәрежеде жиі қолданылады.
Одан кейін ұяң дауыссыздарды: б, г, в, ж, з, д орналастыруға болады, олар дауыс қатпарлары мен шудың қосылуынан жасалады. Қатаң п, к, ф, с, т дауыстың қатысуынсыз және шудан тұрады және ызың х, ц, ч, ш, щ дауыссыз дыбыстар тек шудан тұрады.
Ән айтудағы дикцияның негізгі ережесі – дауыссыз дыбыстарды жылдам әрі нақты қалыптастыру және дауысты дыбыстарды созып айту. Бұл процесс артикуляциялық аппараттың белсенді жұмысы, негізінен: бет, ерін бұлшық еттерінің, тіл ұшының белсенді қызметі арқылы жүзеге асады. Бұлшық еттерді арнайы жаттығулар арқылы жаттықтыру қажет.
Дауыссыз дыбыстарды қысқартып айту және оларды дауыстылармен жылдам ауыстыру артикуляциялық мүшелердің тез, қайта құруын талап етеді. Сондықтан тілдің, еріннің, жұмсақ таңдай мен астыңғы жақтың еркін қозғалысы маңызды.
Дикцияның анықтығын қалыптастыру үшін тіл ұшын дамыту жұмысына ерекше көңіл бөлу керек, сонда ғана тіл икемді болады. Сонымен қатар, астыңғы жақтың қозғалмалығы және икемділігіне назар аударған дұрыс.
Ерін дауыссыздары б–п, в–ф ерін бұлшық етінің белсенділігін арттырады, сондықтан бұлшық еттерді жаттықтыруда осы дауыссыз дыбыстарды айту маңызды.
Ерін мен тіл ұшы үйлестіріліген қатаң дауыссыздарды айтуда жаттығу ретінде әртүрлі жаңылтпаштарды пайдалануға болады.
Жаттығудағы барлық сөздер ерін арқылы тіл ұшының белсенді жұмысы негізінде айтылады. Жаңылтпашты айтудағы жаттығуларды жай жылдамдықпен бастап, орташа динамика мен орташа тесситурада айту керек. Содан кейін жаттығуларды айтуды жылдамдата, динамика мен тесситураны күрделендіру қажет.
Ән айтуда сөз соңындағы қатаң дауыссыздар кейде түсіп қалады, сондықтан оларға ерекше назар аударып, соңғы дауыссыз дыбыстарды анық айту талап етіледі.
Хор сабақтарының барысында дикциямен жұмыстың әр түрлі формаларын пайдалануға болады:
- жатталатын әннің сөздерімен жұмыс жасау;
- дикцияға арналған арнайы сабақтар жүргізу;
- дауыс жаттығуларына енген әнді бастар алдында шағын жаттығулар орындау.
Артикуляция (дыбыстау мүшелерінің әрекеті) – хормен ән айту жұмысының ең маңызды бөлімі. Ол тыныс алумен, дыбыс құрумен, интонациямен, ырғақтық ансамбльмен т.б. тікелей байланысты болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет