Научные сообщения
Основными составляющими успеха современного
интернет-сайта являются его продвижение, раскрутка
и оптимизация. Очень часто бывает, что сайт не
приносит ожидаемого результата, не работает, не
является популярным. Поэтому оптимизация и
продвижение сайта в поисковых системах – это
повышение видимости сайта с учетом запросов,
которые входят в грамотно подобранную систему
поисковых запросов. Удачное продвижение сайта
приносит ожидаемый успех от его посещаемости
целевой аудиторией.
Одной из главных составляющих продвижения
сайта является раскрутка, то есть, непосредственное
продвижение сайта компании на первые страницы
поисковых систем интернета по ключевым фразам и
словам, которые связаны с бизнесом фирмы.
Подобное продвижение сайта напрямую повышает
посещаемость сайта.
В современном мире при стремительном развитии
теории и практики бизнеса наличие эффективного
сайта признается специалистами одним из важных
условий процветания дела.
Большинство
людей
находят
необходимую
информацию через запросы в поисковых системах
(www.yandex.ru, www.rambler.ru и т.д.). Очень важно,
чтобы, набирая в поиске тематику вашей компании, в
первых строчках итоговых результатов видели именно
ваш сайт, а не сайт конкурентов. Вот для чего
необходимы разработка и продвижение сайта.
Хотелось
бы
подчеркнуть
основные
преимущества продвижения сайта:
– непосредственное расширение рынка сбыта;
– возможность обеспечения прямых продаж;
– приобретение новых партнеров в бизнесе;
– непринужденный поиск дилеров и др.
Повышение уровня продаж и получение прибыли
от проекта – вот основная задача, которая стоит перед
владельцами ресурсов сегодня, создание сайта или
интернет-магазина
должно
базироваться
на
особенностях бизнеса, учитывать все его тонкости и
полностью им соответствовать.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
Матрос Д.Ш. Информационная модель школы // Электронный журнал «Педагогические и информационные
технологии». 2008. 201 с.
М итко К.А., Щеголев О.Н., Федоров А.Г. Учебники нового поколения и новые задачи образования в XXI в. М ., 2005. №1.
Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: учеб. пособие для студ. высш. учеб.
заведений / Е.С. Полат, М.Ю. Бухаркина, М.В. Моисеева, А.Е. Петров; Под ред. Е.С. Полат. М.: Издательский центр
«Академия», 2008. 272 с.
Интернет ресурс –
http://website-ok.ru/service/creation-websites-sozdanie-sajtov/stages-etapy-sozdaniya-sayta
;
ӘОЖ 808.
Әлеуметтік ғылымдардағы шешендік сөздер
Ғ.М. ӘБІЛҚАСОВ, п.ғ.м., аға оқытушы,
М.Ә. ХАСЕН, аға оқытушы,
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, ҚТ және М кафедрасы,
Г.М.ӘБІЛҚАСОВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, № 81 ЖББОМ
Кілт сөздер: ғылым, техника, логика, тарих, филология, философия, шешендік, әлеуметтiк, қоғам, тіл.
дам баласы ой-санасының, дүние танымының ӛсуі-
не байланысты ғылым бірте-бірте дамып қалыпта-
сады. Ғылым мен техниканың ӛркендеген заманында
ғылымның алуан түрі бар екені баршаға ғылыми тұр-
ғыда дәлелденді. Қазіргі таңда ғылыми зерттеуді кӛп
қажет ететін мәселелер қазақ тілі мен әдебиет сала-
сында да жетіп артылады. Тіл-адамның ой-ӛрісін, мә-
дени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын
кӛрсететін айна.
Тіл – адамзат қоғамында қатынас, сӛйлесіп пікір
алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс.
Тіл мен қоғам ӛзара тығыз байланысты, біріншіден,
тілсіз ешбір қоғам ӛмір сүре алмайды. Тілсіз ұлт құры-
мақ. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана ӛмір сүреді.
Қоғам – тілдің ӛмір сүруінің шарты. Қоғамның ӛмір
сүруі үшін тіл қажет.
Табиғаттың адамзат баласына тӛл еншiсiндей тар-
ту еткен тамаша байлығының бiрi – тiл туралы қисын-
ды пайымдауды, белгiлi классик айтқандай, «адамдар
арасындағы қарым-қатынас құралы» деп қана қойсақ,
онымыз тым қарапайым, жадағай айтылған жүдеу сӛз
болары хақ. Оның назардан тыс қалған қалтарыстарын-
да кӛкiрек кӛзiн керек етер қаншама бояу, реңктер жа-
тыр. Ғалымдардың кӛрсетуiнше ана кӛкiрегiнен алғаш
нәр ала бастаған сәттен бастап сәбидiң құлағына естi-
летiн үн, дыбыс, сӛз құрамдары, эмоциялық сезiмдер,
анасы қай тiлде сӛйлесе сол ұлттың психологиялық,
адамгершiлiк пiшiн-бiтiмi, барлық рухани қазынасы
сәбиге бiртiндеп сыналай ене бередi екен. Демек, тiл –
әр халықтың ӛзгеден ерекше ұлттық табиғатын, руха-
ни байлығын танытатын асыл мұра екенiнде дау жоқ.
Әр ұлттың ӛз тiлi бар. Сондықтан сӛз барлық ха-
лыққа бiрдей түсiнiктi болуы мүмкiн емес, ұтқыр ай-
тылар ӛткiр сӛзге негiзделген тiлмарлық ӛнер де белгi-
лi бiр халық тiлiнде туады, сол халыққа ғана түпкiлiктi
қызмет етедi. Бұл аталмыш ӛнердiң ӛрiсiне тұсау бо-
лып, аясына тарлық етерi сӛзсiз. Бiрақ оның есесiне
күллi адамзаттың әлемдік рухани қазынасын ӛз ӛрнегі-
А
Научные сообщения
мен байыта түсерi де ақиқат. Жер бетіндегі қай халық-
ты алып қарасақта ежелден келе жатқан қасиетті де
қадірлі ӛнері-ол шешендік ӛнер.
Осыдан келіп шешендіктің филология ғылымымен
байланысы туындайды. Мекеме қызметімен қабыса
ұштасып жататын қызметшілердің сӛйлеу негізі тілдік
заңдылықтарға сүйенген тіл мәдениетінен бастау ала-
ды. Тiлмарлықтың ауқымды бӛлiгiн құрайтын бұл тіл-
дік нормалар – сӛздің дұрыс айтылуы мен жазылуы,
сӛйлем ішіндегі орны мен жұмсалуы, сӛз қолданудағы
амал-тәсілдер, сӛйлеудегі шеберлік атауларын шыңдау-
ға қажеттi басқыш. Бұл мәселені аз-кем болса да хәл-
қадірімізше арнайы бӛлікте қарастыруға ұмтылдық.
Қазақтың шешендігі ӛзінің түп бастауын кӛне
ұлттық әдет-ғұрыптан алады. Сӛз жоқ, ұлттық келбет-
кескiнiмiзге кӛрiк берiп, ажарландырып тұратын әрi
ӛркениеттi ел екенiмiздi айғақтайтын бiр сала – кешегi
кӛшпелi қоғамның ӛмiр-тiршiлiгiнен туындаған, әдет-
ғұрпының аясында қалыптасқан – билер институты
екенi анық. Қазiргi құықтық тiлмен айтқанда ол билiк-
тiң үш тармағының бiрi. Оның тұтқасын ұстаған би,
қазылар ел iшiндегi қылмыстық, даулы iстердiң заң
жүзiнде шешiмiн табуы үшiн далалық тұрмыс-салтқа
лайықталған ереже-қағидалар жасаған. Халқымыздың
рухани-моральдық жүйесiне сәйкес әдiлқазылық-әдiл-
дiк категорияларының түпкiлiктi орнығуына ат салыс-
қан. «Қара қылды қақ жарған», «Тура биде туған жоқ,
туғанды биде иман жоқ» дейтiн мақал-мәтелдердiң
шығу тӛркiнi осы әдiлдiк категорияларымен тiкелей
байланысты. Кесiм-билiк айтуда би-шешендерiмiз сӛз
ӛнерiн, шешендiк, тапқырлықты қару еткен. Құқық-
тық заңдармен шешендiк ӛнер осы жерде тоғысады.
Яғни, әдiлдiктiң ақ жолын ұстанған қазы, би, шешен-
дер ӛз кесiм-билiктерiн айтқанда кӛңiлге қонымды,
тыңдаушының жүрегiне тез жететiн, әсерлiлiгiмен лез-
де баурап алатын кӛркемдiк әдiс-тәсiлдерiн қолданған.
Мiне, осы сӛйлей бiлу ӛнерiнiң кӛркемдiк тәсiлдерi –
шешендіктің алтын арқауы.
Шешендік ӛнердің философиямен байланысы.
Шешендiк ӛнердiң теориясы және философиялық
негiздемесiн қадым замандардың ӛзiнде-ақ антикалық
дәуірде ғұмыр кешкен Платон, Аристотельдер сынды
ежелгі грек философтары айқындап кеткен. Сӛйтсе де,
қазақтың ұлттық мәдениет тарихы мен рухани ділін
құрайтын, неше ғасырлық тарихы бар қазақы шешен-
дік ӛнердің философиялық болмысын зерделеп тара-
зылаудың ендi ғана қолға алынуы қоғамға қазіргі қа-
жеттілігінен, сұраныстан туындап отыр. Яғни, «оның
әлеуметтiк сипаты ерекше әлеуметтiк феномен ретiнде
арнаулы зерттеулерде ендi-ендi қарастырыла бастады.
Шешендiк ӛнердiң философиямен ара қатынасы ең
алдымен осыдан кӛрiнедi. «Шешендiк ӛнер дәстүрі –
белгiлi бiр әлеуметтiк ортада, қоғамдық кеңiстiкте,
қандай да бiр адами қылмыстық оқиғаға байланысты
қалыптасып, айрықша тапқырлықпен, кӛркем тiлмен
айтылатын және әлеумет қабылдап, мойындаған үлгiлi
кесiм-билiктер, ойлар, идеялар, тұжырымдар үрдiсi».
Философ ғалымдар А. Қасабек пен Д. Раев шешендік
сӛздердің әлеуметтік құбылыс болуын үш түрлі фак-
тор арқылы түсіндіреді: 1) кесiм-билiк шығарардағы
шешендiк сӛз бен қоғам арасындағы генезистiк байла-
ныс, 2) шешендік сӛздің дәстүрлік сипаты; 3) шешен-
дiктiң қоғамдағы қызметi.
Шешендiк сӛз бен қоғам арасындағы генезистiк
байланысты аталған ғалымдар тiл мен қоғам арасын-
дағы генезистiк ӛзара байланысты кӛрсететiн ғылыми-
лингвистикалық дәлелдерге, тiл туралы пайымдаулар-
ға сүйеніп дәлелдейді. Сӛз жоқ, тiл сияқты шешендiк
ӛнер де – халықтық сӛйлеу ӛнерiнiң жемiсi. Демек,
туындайтын шешендiк сӛз қоғамдық ортада қалыптас-
қан дүние, сондықтан ол әлеуметтiк болмысқа ие. Ше-
шендiк сӛз ӛнерiнiң әлеуметтiк сипаты, сайып келген-
де, адамдардың құқығы мен еңбегiнiң, тұрмыс-тiршi-
лiгiнiң ұжымдық сипатымен түсiндiрiледi. Шешендiк
ӛнер әлеуметтен тыс ӛмiр сүре алмайды, Шешендiк
ӛнерсiз қоғам болмайды, ал әлеуметсiз алғашқысының
да болуы мүмкiн емес. Бұл екеуі – бiр-бiрiнен бӛлiп
қарауға болмайтын бүтiннiң екi жағы. Шешендiк
ӛнердi зерттеу – қоғамдық сананы зерттеумен бiрге
жүретiн құбылыс.
Шешендік логикамен де етене қабысып жатыр.
Шешендіктің негiзгi бағыты – кӛпшiлiктi бiр ойға
ұйыту, бiр пiкiрге иландырып, бой ұсындыру, қисын-
ды, жүйелi сӛздiң қорытынды түйiнiн, яғни тӛрелiк
шешiмдi, кесiм-билiктi ризалықпен қабылдату іспетті
мақсаттардан туындайды.
Қазақтың айыптаушы, қорғаушыларына iстiң-дау-
дың шығу себептерiн қаузап талдау, оқиғаның ширы-
ғу, шиеленiсу барысын зерделеу, қарама-қайшы мүд-
делердiң арақатынасын айшықтау сияқты ақиқатты
нақтылы ашу талаптары тән. Мұндай талаптардың
диалектикалық логика аясынан табылатындығы да еш
күмән туғызбайды.
Психология – шешендіктің ажырамас бӛлігін
құрайды. Шешендер психикалық тұрғыда жетілмесе,
кәсіби қабілеті де жоғары болмайтыны сӛзсіз шындық.
Оларға қажетті нәрсе – табандылық, батылдық, сабыр-
лық, байқампаздық, зерделілік, мінез құлқындағы тұ-
рақтылық. Мұндай шешендер бойынан табылуы тиіс
қажетті компоненттер психология ғылымының үлесі-
не тиесілі. Осы саладағы ғалымдар психологияны зер-
ттеуде мынадай үш компонентті алға тартады: 1) пси-
хологиялық қасиеттер (жігерлілік, ептілік, байқампаз-
дық, есте сақтау қабілеті, т.б.); 2) психологиялық тұ-
рақтылық (ӛзін ӛзі ұстай білу, тӛзімділік, т.б.); 3) пси-
хологиялық шеберлік (қылмысты дұрыс бағалап, ол
бойынша дұрыс шешім қабылдай алу, қарсы тараптың
ниетін аңғара білу, қиын-қыстау жағдайларында шы-
ғар жол таба алу, т.б.). Мұндай психология құбылыс-
тарын меңгермейінше шешендердің кәсіби шеберлігі-
нің ұшталмайтыны, жіті жетіле артпайтыны ӛзді-ӛзі-
нен түсінікті.
Енді алдымен еңбегіміздің ӛн-бойғы тiнiнде қол-
данылған шешендікке қатысты кейбiр ұғымдық ақпа-
ратты құрайтын терминдiк атауларға түсiндiрме бере
кетсек деймiз.
Ашығын айту керек, сӛздік қолданысымызда «ри-
торика», деген атаудан саналы түрде бас тарттық. Ӛйт-
кені «риторика» деген тіркестің ӛзі қазақша сӛйлеп
тұрған жоқ, ал «шешендік» сӛйлеуге қажетті кӛмекші
құрал. Сондықтан байыптай келе, «шешендік» деген
атауды қаладық. Кей тұста «тілмарлық» деп те қолдан-
дық. Бұндай мағыналас синонимдік атауды қатар қол-
Научные сообщения
данумыздың себебi, бiрiншiден, би-шешендер тӛрелiк
(сӛз) кесім-билік айтқан, екiншiден, «тілмарлық» сӛзі
қара тiлге жүйрiктiктi бiлдiредi. Бұл сӛздің мағынасы-
на сай келетін, кӛпшiлiк қолданып жүрген «дiлмарлық»
сӛзiнiң түбiр тӛркiнi – «дiл» ол кӛне парсы тiлiнде
«жүрек» деген ұғымды бередi, бұл «алғыр», «зерек»
немесе «рухани байлық» деген түсiнiкпен астас. Бiзге
керегi – тiл, заң тәртiбiне негiзделген ауыспалы мағы-
надағы «қызыл тiл» – яғни сӛз, сӛйлеу ӛнерi. Сондық-
тан бiз «тiлмарлық» деген атауды да қатар пайдалан-
дық. Бұл «тілмарлық» терминiн ӛз еңбектерiнде ше-
шендiк ӛнердi зерттеушi қазақ ғалым-қаламгерлерi
Б. Адамбаев, М. Әлiмбаев, тағы басқалар қолданады.
Сондай-ақ, жұмысымызда жиi ұшырасатын аса
қажеттi шешендiк сөз, шешендiк өнер, риторика деген
ұғымдардың ара жiгiн ажырата бiлуiмiз керек. Бұлар
бiрiнiң орнына бiрi жүрмейтiн, мағынасы маңайлас
келсе де, тiптен басқа ұғымдар. Шешендiк сөз – халық
даналығын кӛрсететiн, ӛмiр мен табиғат құбылыста-
рын байқаудан туындайтын, бойында ақыл м ен нақыл-
дың сипаты бар, негiзiнен ауызша тараған бабалар
шығармашылығы. Шешендiк өнер болса – сәулет, қол
ӛнерi, әдебиет сияқты ол ӛз алдына жеке дара ӛнер.
Ал, риторика, о баста Ежелгі Грек елінде пайда болға-
нындай, – сӛйлей бiлу, сӛз мәтiндерiн құрастыра алу
шеберлiгiн жан-жақты, егжей-тегжейлi қарастыратын
iлiмдi атайды. Басқаша айтқанда, риторика – түп та-
мыры жыл қайыруымыздан бұрынғы антикалық дәуiр-
ге барып тiрелетiн, сонау қадым заманда-ақ айнала
қоршаған ортаның сұлулығын танытатын жеке iлiм
ретiнде iргесi қаланған дербес ғылым. Ол сӛз саптау
шеберлiгiнiң тәжiрибесiн тұжырымдап, қағидаларын
бекiтедi. Сӛйлеу мәдениетiнiң тiлдiк нормалары мен
заңдылықтарын, сӛздiң бейнелiлiгi мен әсерлiгiн арт-
тыратын сӛйлеу сапасына, ондағы түп мақсаттың ай-
қындылығына тәуелдi, тыңдарманға ықпалы зор, әсерi
мол кӛркемдiк әдiс-тәсiлдердiң жиынтығын жүйелей-
тiн сӛйлеу ӛнерiнiң жалы қалың ӛзектi саласы, сұхбат-
тасушылардың (сөйлеушi мен тыңдаушының) ӛзара
түсiнiсуiне қызмет ететiн түсiнiс құралы болған.
Қазақшалағанда – «шешендік ӛнер».
Шешендiк сөз бен шешендiк өнер және риторика
атауларында, мiне, осындай аз-кем айырмашылықтар
бар. Бұл атауларды тiлдiк қолданыста ӛз орнымен
жұмсаған жӛн. Әйтсе де бiз кӛп уақыттан берi тiлдiк
қолданысымызда берiк қалыптасып қалған «шешендiк
ӛнер» деген атауды кӛбiне «риторика» мағынасында
қолданамыз.
Шешендік ӛнердің түп бастауларына үңiлу үшiн
шешендiктiң ӛнер ретiндегi о бастағы туып, қалыпта-
су, даму кезеңдерiне тарихи экскурс-шолу жасау не-
гiзгi шарт. Басқаша айтқанда, адамдардың қауымдас-
тыққа ұмтылған талпынысынан қоғам туындайтын
болса, сол қоғамдағы адамның қолдан жасаған мәде-
ни-рухани дүниесiн әрқашан тарихи тұрғыда қарас-
тырған ләзiм. Шешендiк ӛнер – адамзат мұраларының
бiрi. Осы ыңғайда әлеуметтік ғылымдар және әлеумет-
тік саяси – шешендіктен сӛз бастаймыз.
Әлеуметтiк-саяси саладағы шешендiк сӛздерге ғы-
лыми тұрғыда қысқаша тоқталып мағлұмат бергенді
жӛн кӛріп отырмыз:
Шешендiктiң бұл тегiнiң түрлерiне саяси сӛз, әс-
кери-патриоттық сӛз, дипломатиялық (мәмiлегерлiк)
сӛз, парламенттiк сӛз, митингiлiк үгiт-насихат сӛзi жа-
тады.
Парламенттік сӛз. Мемлекеттiк Думаға депутат
болып сайланған қазақ зиялылары қазақ халқының
ӛзiнiң iшкi iстерiн ӛздерi шешуге құқылы болуы жо-
лында күрестi. Мемлекеттiк Дума мiнберiнен жалын-
ды сӛздер айтты. Осының негiзiнде ХХ ғасырдың ба-
сында-ақ саяси, парламенттiк шешендiктiң мектебi
қаланып, үлгердi деуге толық негiз бар.
Белгілі ғалым С.Негимов «Шешендік ӛнер» атты
еңбегінде мынадай қызғылықты дерек келтіреді:
«Алаштың ардақтысы, кӛрнекті математик Әлімхан
Әбеуұлы Ермеков 1920 жылы Ленин басшылық жаса-
ған Үкіметтің алқалы жиынында Қазақ автономиялы
республикасын құру және оның шекарасын айқындау
турасында тӛрт сағат бойы айғақ-дәлелі, мәндегі, ма-
ғына-мәйегі мол таңғажайып сӛз сӛйлеген. Сонда Ах-
мет Байтұрсынов: «Япырай, жас сұңқар Әлімхан мен
тӛрт сағат сӛз сайысына тӛтеп берген орыстан да Ле-
нин тәрізді бір ұл туған екен» – деп разы болған екен.
Ойы теңіздей толқыған қазақ арыстарының бірегейінің
алды деп бағалайды оны зерттеуші, ғалым С.Негимов.
Дипломатиялық (мәмiлегерлiк) сӛз. Шаңы сұйыл-
ған заманалар керуенiнiң барысын нақтырақ қарасақ,
айнала қоршаған шалғай-жақын елдермен алыс-берiс
қарым-қатынассыз, жеке дара томаға тұйық дамитын
қайсыбiр ел болмайтынын аңғарар едiк. Әр халықтың
басынан ӛткерген бейбiт күнгi не жаугершiлiк заманын-
дағы тарихы бiзге осыны әйгiлейдi. Демек, әр елдiң
елшiлiк, дипломатиялық тарихы – сол елдiң ғасырлар
белесiндегi даму кӛшiнiң бiр кӛрiнiсi ғана.
Қазақ халқының аса бiр қилы шытырман оқиға-
ларға толы кезеңi – халық жадында «ақтабан шұбы-
рынды, алқакөл сұлама» атанған жоңғар шапқыншы-
лығына дӛп келедi. Ат арқасын құрғатпай жиi шабу-
ылдасып жатқан елдерде елшiлiктiң, мәмлегершiлiктiң
ықпалы зор болатыны белгiлi. Мiне, осындай, халық
тағдырының қиын-қыстау шағында қайраткерлiк қыз-
метi үшiн «Қаз дауысты» атанған, шешендiктi қару
еткен Қазыбек би Келдiбекұлы (1667-1763) пәрмендi
әрекетiмен барынша жарқырап кӛрiндi. Елшiлiк тура-
лы тарихта қалған бiр-екi хаттан басқа жазба құжаттар
жоқ болса да, шындық сүрлеуiне бастайтын ел аузын-
дағы аңыз-әңгiмелер бар. Ескертерлiгi дипломатияда
жеке нота, вербальдi нота (вербальдi деген ұғым –
«ұқыпты назар аударатын қағаз» дегендi бiлдiредi),
ашық нота, құттықтау нотасы дейтiн құжаттар бо-
лады. Қазақ тарихындағы Қазыбек бидiң жоңғар хон-
тайшысына айтқан сӛздерiн шартты түрде ашық нота
түрiне жатқызуға болатындай. Ел аңызы былай дейдi:
Қанды қырғын ұрыстан кейiн бейбiтшiлiк жолы-
мен бiтiмге келу үшiн қазақ пен ойрат (билiк жүргiз-
ген жоңғар тайпасы) бiр-бiрiне мәмiлегер елшiлер жi-
бермек болады.
Жоңғария хонтайшысы «Қазақтың атақты үш биi-
нiң бiрi келсiн. Аузынан сӛзi, қойнынан бӛзi түсiп тұр-
ған иiс алмас бiреу келсе, бiтiм болмайды» деп қолқа
салады. Осы хабарды естiген үш би қырандай дүр сiл-
кiнiп, әрқайсысы ӛзi бармаққа ниет еткен екен.
Научные сообщения
Тӛрде отырған Тӛле екi биге кезек қарап, екi ете-
гiн қымтанып, екi иығын қомданып қойып, тамағын
қырнапты.
– Уай, қос iнiм, қос шырағым! Аға боп алдыңа тү-
сейiн деп тұрмын. Ағаң – алдыңдағы әуелеп ӛскен да-
рағың. Iнiң – қанатың мен құйрығың, қайрап салар жа-
рағың. Артымда сендер барда қанат жайып самғармын,
алдаспанды сермермiн. Дауласқанды жайғармын, жау-
ласқанды жерлермiн. Мен барайын бұл жолға – дептi.
Сонда Әйтеке жай оғындай жарқ етiп, жайраң қа-
ғып, шапшаңдық танытыпты.
– Уай, Тӛкем! «Аға – бордан, iнi – зордан» демей
ме?, «Iнi – найза, аға – қорған» демей ме? Арқамды
қорғанға тiремеймiн бе, найзамды ерсiлi-қарсылы iре-
меймiн бе? Менiң баруым жӛн емес пе?, – дейдi ғой.
Сол кезде қоңырқаздың даусындай бiржотадан екiншi
жотаға асыра саңқылдап Қазыбек есiлiп кетiптi.
– Уай, асыл ағам! Уай, асқақ iнiм! Ағасы бардың
жағасы бар емес пе. Жағасы бардың тоқсан пәледен
сақтар панасы бар емес пе. Iнiсi бардың тынысы бар
емес пе. Тынысы бардың елде – ырысы, жауда – ұры-
сы, дауда – жұмысы бар емес пе.
Екеуi үнсiз бас шұлғып, бiрақ тiл қатып, ләмдей
қоймапты. Қаздауысты Қазыбек ендiТӛлебиге бұры-
лыпты.
– Бүтін билікке Тӛле жеткен, бүтін хандыққа Есім
жеткен бүтін хандыққа жолсыз таласқандар болғаны-
мен, билікке жӛнсіз таласқандар болған емес, ендеше,
әдiл би, әдiлетiн ӛзiңіз айтыңыз. Аттың басы күштi ме,
белi күштi ме, құйрығы күштi ме?
– Шырағым, Қазыбек, жол бастайды әманда, омы-
рауы жүйрiктiң. Бӛгелектi қуарда пайдасы мол құй-
рықтың. Аттың белi қызметті кӛп қылар, саған кептi
кезегi осы жолғы бұйрықтың. Жай онда қолыңды –
деп, – ӛзiнiң әйгiлi батасын берiпті.
Хош. Сонымен Қазыбек би бас болып, елшiлер
жоңғарға жүрiп кетiптi. Елшiлер сансыз қиыншылық-
ты басынан ӛткiзiп, Алтай тауының оң жағында отыр-
ған хонтайшының ордасына жетедi.
Хонтайшы бұларды ашулы жүзбен қарсы алады.
– Иә, қазақтар, неменеге келдiңдер, айтатындарың
болса, айтыңдар – дейдi. Сонда Қазыбек:
Бiз қазақ деген мал баққан елмiз,
Бiрақ ешкiмге соқтықпай жай жатқан елмiз.
Елiмiзден құт-береке қашпасын деп,
Жерiмiздiң шетiн жау баспасын деп,
Найзаға үкi таққан елмiз.
Ешбiр дұшпан басынбаған елмiз,
Басымыздан сӛз асырмаған елмiз.
Досымызды сақтай бiлген елмiз,
Дәм-тұзды ақтай бiлген елмiз,
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай бiлген елмiз.
Атадан ұл туса,
Құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып, отыра алмайтын елмiз.
Сен қалмақ болсаң, бiз қазақ, қарпысқалы келген-
бiз,
Сен темiр болсаң, бiз кӛмiр, ерiткелi келгенбiз.
Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбiз,
Танымайтын жат елге танысқалы келгенбiз,
Танысуға кӛнбесең, шабысқалы келгенбiз.
Сен қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы
келгенбiз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбiз,
Тұтқыр сары желменен жарысқалы келгенбiз.
Берсең жӛндеп бiтiмiңдi айт, не тұрысатын жӛнiң-
дi айт! – дептi. Осы сапарында Қазыбек би мал мен
жанын есептеп, алдына салып қайтқан деседі.
Халықаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастар-
да дипломатия үлкен роль атқарады. Әрбір елші алды-
на ӛзін-ӛзі ұстай білу, мінез-қылық, жүріс-тұрыс эти-
касын меңгеру, шешен сӛйлей алу сынды белгілі бір
қатаң талаптар қойылады. Ӛзіндік мектептен, дайын-
дықтан ӛтеді. Мемлекет атынан сӛйлейтін ӛкілдің ті-
лін табу, кеуде қақпай да, кішіреймей де діттеген дең-
гейде сӛйлесе білген. Қолдан келгенінше терезесі тең
қатынас жасай білу, керегі – олар ғана емес, оларға ке-
рек екеніңді ұқтыра алу – талаптың талабы. Елші үшін
қажетті жалпы саясаттың қат-қабат астарына барынша
терең үңіліп, алдын ала бәрін кӛріп, бәрін біліп отыру
қабілеті екінің біріне бұйырмаған, қиындықсыз дари
қоймайтын үлкен ӛнер.
Әскери-патриоттық сӛз. Қазақтың әскери-патриот-
тық сӛзiнiң дамуын 40-жылдардағы қарға адым, қам-
шы саптай қысқа ғұмыр кешкен соғыс майданынан
«шығыс ұлына» отансүйгiштiк жалынды хаттар жол-
даған Баубек Бұлқышев есiмiмен, әрi сол Ұлы Отан
соғысында дарынды қолбасшылығымен барынша жар-
қырап кӛрiнген Бауыржан Момышұлы атымен байла-
нысты алып қарастырамыз. Оның соғыс туралы айт-
қан «Қайратыңа ӛзiңдi жолдас ет», «Әдiсiңе ақылың-
ды жолдас ет», «Отан үшiн отқа түс – күймейсiң»
сияқты ӛткiр тiл орамдары сол уақытта-ақ халық ара-
сына мақал-мәтелге айналып тарап кеткен.
Б. Момышұлының ендiгi бiр дәрiскерлiк шеберлiгi
хақында генерал-полковник, әскери ғылымның док-
торы И.М. Глушко былай дейдi: «Момышұлының дә-
рiстерiн бiздер барлық уақытта қызыға асыға күтетiн-
бiз. Ол кез келген материалды конспектiге қарамай-ақ
кӛбiне схемаларды пайдаланып, әрбiр тезистi жауын-
герлiк тәжiрибенiң ғибратты мысалдарымен бекiте
отырып, түсiнiктi етiп жеткiзетiн. Момышұлы тiптi де
әскери шен-шекпенге қарамай, сонымен қатар барлық
тыңдаушыларға талап қоя қарайтын. Тактиканың күр-
делi мәселелерiн талдай отырып, бiздердi бiртiндеп ӛз
бетiнше ойлай бiлуге баулыды. Оқытушының аудито-
риямен үнемi қарым-қатынаста болуы бүкiл оқыған
материалдарды шығармашылық тұрғыдан ұғынып,
игеруге итермелейтiн». Мысалы, Баубек Бұлқышев
ӛзiнiң «Ӛмiр мен ӛлiм туралы» (майдандағы қазақ жа-
сының дәптерiнен) туындысында: «Адам туады, адам
ӛледi. Мұнда тұрған қайғы не? Бұл – жаратылыс заңы.
Бiздiң шығыс елдерi «адам – дүниеге келген қонақ,
бiраз қонақтадың, аттануың керек», – деседi.
Бiрақ, адам дүниеге тек қана келiп, әншейiн ғана
аттана бермейдi, ол артына ой қалдырады, ойдан мұра
қалдырады. Ол ӛмiрге адам болып келiп, адам күйiнде
қайтады.
Кек неге қысады? – дерсiңдер, оны да айта кетейiн.
Жастық шақ адамға бiр-ақ рет берiлмеп пе едi? Сол
кезiмдi әлдеқайда түнерген қара күш жұлып әкетпек-
шi. Ол жастықтан бiр айырылсам, ол қайтып оралар
|