А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет17/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Қуыршақ театрының қойылымы: 
Ертеде екі тышқан және дауысы әдемі бір әтеш өмір сүріпті. Екі тышқанның біреуінің аты 
Круть,екіншісінікі Верть екен. Тышқандар күніге тек ойнауды, өлең айтып, билеуді ғана 
біліпті. Ал Әтеш таң атысымен барлығын өзінің әсем дауысымен оятып, бірден 
жұмысқа кіріседі екен. Сөйтіп бір күні ауланы сыпырып жүргенде жерден бидайдың 
масағын тауып алады. Әтеш Круть пен Вертьті шақырып, былай депті: 
– Қараңдаршы, мен нені таптым? 
Тышқандар тезірек жүгіріп келіп, былай деді: О, оны үгіту керек. 
Әтеш: Ал оны кім үгітеді? 
Круть: Мен емес, – деді. 
Верть: Мен де емес, – деп айғайлады. 
Әтеш: Жарайды, ендеше онда мен үгітейін. 
Сөйтіп, Әтеш жұмысқа кірісті. Ал тышқандар болса, ойнап, би билеп жүрді. Біраздан соң 
әтеш жұмысын бітіріп, екі тышқанды шақырды. 
Әтеш: Круть, Верть қараңдаршы мен қаншама дән үгіттім. 
Тышқандар жүгіріп келіп, екеуі бірдей шиқылдады. 
Круть, Верть: Енді дәнді диірменге салып, ұн етіп үгіту керек.. 
Әтеш: Ал оны кім үгітеді? 
Круть: Мен емес, – деді. 
Верть: Мен де емес, – деп айғайлады. 


24 
Әтеш: Жарайды, ендеше онда мен үгітейін. 
Сөйтіп, әтеш жұмысқа кірісті. Ал тышқандар болса, ойнап, би билеп жүрді. Біраздан соң 
әтеш жұмысын бітіріп, екі тышқанды шақырды. 
Әтеш: Круть, Верть қараңдаршы мен қаншама дән үгіттім. 
Әтеш: Ал кім көтереді? 
Круть: Мен емес. 
Верть: Мен де емес. 
Әтеш: Жарайды, ендеше мен дәнді диірменге салайын. 
Сөйтіп иығына қапты салып алып әтеш кетті. Ал тышқандар сол уақытта бір-біріне секіріп 
ойнады.Әтеш қайтадан диірменімен оралып, тышқандарды шақырып: 
– Мен ұн әкелдім, – деді. 
Ал тышқандар
– Ай, жарайсың, әтеш. Енді осы ұнды илеп, пешке салып, бәліш пісіру керек. 
Сонда әтеш: Кім енді илейді? – дейді. Ал тышқандар болса баяғыша жауап берді. 
Тышқандар: Мен емес, менде емес, – деді. 
Әтеш: Қайтадан өзім жасайтын секілдімін. 
Сөйтіп әтеш ұнды илейді, отынды әкелді, пешті жақты. Пеш қызып, оған бәлішті салды. 
Ал тышқандар сол уақытта уақыттарын жоғалтқан жоқ. Өлеңдерін айтты, билеп жүрді. 
Міне, бәліште пісті, әтеш бәлішті үстел үстіне қойды, ал тышқандар болса бірден үстел 
басына жетіп келді. 
Круть: Ой, менің қарным ашты. 
Верть: Оһ, менің жегім келіп тұр. 
Сөйтіп, үстелге отырып алды. 
Сонда Әтеш: Тоқтай тұрыңдар, тоқтай тұрыңдар. Алдымен сендер маған масақты кім 
тапты, соны айтыңдаршы? 
Тышқандар: Сен таптың, – деп айғайлады. 
Әтеш: Ал оны кім үгітті? 
Тышқандар: Сен үгіттің. 
Әтеш: Ал кім дәнді диірменге тартты? 
Тышқандар: Тағы да сен, – деп ақырын айтты. 
Әтеш: Ал кім иледі? Отынды кім әкелді? Пешті кім жақты? Бәлішті кім пісірді? 
Тышқандар: Бәрін де сен,бәрін де сен! – деп ақырын айтты. 
Әтеш: Ал сендер не істедіңдер, сонда? 
Не деп айтатындарын білмей, айтатын жауаптары болмады. Сонымен Круть пен Верть 
үстелден тұрып кете берді. Ал әтеш болса оларды ұстамады. Себебі мұндай еріншек пен 
жалқауларға бәліш берудің де қажеті жоқ деп түсінді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет