А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет13/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

3.Қорытынды кезең (рефлексия). 
Педагог оқу қызметін балаларға күз мезгілінің сыйы жемістер мен көгөністерді 
себеттерге бөліп салдыра отырып, «Еңбек – адамның екінші анасы» мәтелін қайталап, 
дәмді алма, алмұрт, жүзімнен дәм татуды ұсынып, қорытындылайды. 
№ 2
Білім беру саласы: Коммуникация, Таным 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: Қуыршақ, бізге қонаққа келді (ойыншықты суреттеу жайлы әңгіме құрау) 
Мақсаты
«Ойыншық» тақырыбы бойынша ауызша сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері: 
а) Педагогтің үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білу біліктерін 
жетілдіру.
ә) Өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу; еркін қарым-қатынас жасау 
дағдыларын дамыту. 
б) Эстетикалық талғамын арттыру. 
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: ұлттық киім атауларын; 
түсінеді: жаңа сөздер мен ізгі сөздерді
қолданады: қонақжайлылықты. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: сөйлеуді дамыту дәптері, ұлттық көйлек киген 
қуыршақ. 
Сөздік жұмыс: бүрмелі, үлпілдек, қарақат.
Билингвалды компонент: қуыршақ – кукла – doll, ұзын – длинный – long. 
 


21 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі
Күтпеген сәт: Ұлттық көйлек киген қуыршақ келеді. Балалар қонақпен сәлемдесіп, 
қызығушылық білдіреді. 
2.Негізгі кезең 
Педагог балалардан қуыршаққа бірлесіп, есімін қоюға ұсыныс тастайды. Мысалы: 
Сұлушаш, Камшат т.б. Қонаққа келген Сұлушаш қуыршақты дәстүр бойынша жоғары 
төрге шығару. Сұлушаштың киген көйлегі ұзын, ақ түсті, бүрмелі, әдемі, шашы қос 
бұрымды, ұзын, көздері дөңгелек, қарақаттай, басына киген бөркі туралы балалармен 
бірге әңгімелеу. Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған үкісіне тоқталу. Оны үкі құсының 
қауырсынынан алынғанын және оның ерекшелігін айту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет