А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет32/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

2. Негізгі кезең 
Демонстрациялық құралмен жұмыс (күлдіргіштің суреті, қолында түрлі түсті доптар 
және чемоданның суреті) Педагог балалардан суреттен кімді көріп тұрғандарын, оның 
көңіл күйі, қолындағы заттары және оның түстері, ол қайда қызмет жасайды және оны 
қайдан көргендерін сұрайды. Ал балалар суреттен күлдіргішті көріп тұрғандарын, оның 
көңілді екенін, қолында түрлі түсті доптарының бар екенін (түстерін атайды) және оны 
цирктен көруге болатынын баяндайды. 
Педагог циркте, тағы басқа мәдени көпшілік орындарда өздерін қалай ұстау керек 
екенін сұрап, балалардың жауаптарын толықтырады. Ал балалар циркте, мәдени көпшілік 
орындарда айғайлап сөйлемеу, өздері білетін ережелерді естеріне түсіріп айтады. 
Педагог: Кәне, бәріміз «цирк», «цирк», «цирк» деп қайталайықшы. Балалар 3 түрлі 
дауыспен қайталайды (қатты, орташа, төмен) («Ц» дыбысының дұрыс дыбысталуын 
қадағалау). Педагог «цирк» сөзінде бірінші болып естіліп тұрған қандай дыбыс екендігін 
сұрайды? Балалар «цирк» сөзінде алғашқы болып «ц» дыбысы естілетінін баяндайды. «Ц» 
дыбысын бірге қайталап айтады. 
Педагог:«Ц» дыбысын дұрыс естіп айту үшін буын ішінде келтіріп жаттықтыру, ца це, цу, 
ци буындарын қайталауды талап ету: 
Ци-ци-ци-цирк 
Ци-ци-ци-мотоцикл 
Це-це-це-цех 


40 
Це-це-це-цемент 
Циркте қандай аңдар мен жануарлар өнер көрсететінін сұрайды (олардың қимыл-
қозғалысын салуды ұсынады). Ал балалар циркте: аю, күшік, піл, арыстандар, жылқылар 
тағы басқа өнер көрсететінін баяндай отырып, қимылын салып көрсетуге асығады. 
Енді балалардың назарын суреттегі күлдіргіштің жанындағы чемоданға аудару. 
Педагог балалардан ол заттың атауын және оның күлдіргішке қажеттілігін сұрай 
отырып, чемодан туралы әңгімелеу (оның пішіні, түсі). Балалар, ол заттың чемодан екенін 
және оның қажеттілігі туралы пішінін, түсін әңгімелеуге атсалысады. 
– Чемодан сөзінің басында естілетін «Ч» дыбысын қайталайықшы. 
Балалар «Ч» дыбысын педагогпен бірге қайталайды. 
Буындар мен сөздерді қайталап, «Ч» дыбысын айтуға жаттығады. 
«Ч» дыбысын дұрыс естіп ажырату үшін буын ішінде келтіріп, жаттықтыру: 
Че-че-че – чек 
Че-че-че – чемодан 
Чи-чи-чи – чипсы 
Чи-чи-чи – Чикаго т.б 
Күлдіргіштің доптары туралы тақпағымызды қайталап, сергіту жаттығуын жасату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет