А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет31/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Сергіту жаттығуы. 
Қанатымды жазамын, 
Жоғары төмен қағамын. 
Биік көкте айналып, 
Жұлдыздай жылдам ағамын. 
3.Қорытынды кезең (рефлексия) 
Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегі мазмұнын қалай меңгергенін тексереді. Сұрақтарға 
жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. 
№13
Білім беру салалары: Коммуникация Таным, Шығармашылық, Әлеумет
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: «Ц» және «Ч». Сөйлеудегі дыбыстау мәдениеті. 
Мақсаты
Дыбыстар жайлы білімдерін толықтыру.
Міндеттері: 


39 
а) Балаларға «Ц» және «ч» дыбыстарының артикуляциясын буындар мен сөздерде 
көрсету. 
ә) Тыныс ала дыбыстауды, дауыс күші мен екпінін өзгерте білуді, ақырын не қатты, баяу 
не тез сөйлеуді, дыбыстық қабылдауды жетілдіру; еркін қарым-қатынас дағдысын 
дамыту. 
б) Көпшілік орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастыру. 
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: сайқымазақ туралы, оның көңілді кейіпкер екендігін білуі;
түсінеді: «Ц» және «Ч» дыбыстарын дұрыс дыбыстауды; 
қолданады: көпшілік орындарда өзін-өзі ұстауды, ұқыптылықты біледі. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, сөйлеуді дамыту дәптері
доптар. Әйгерім Қалаубаеваның әнін қою. 
Сөздік жұмыс: Цирк,мотоцикл 
Билингвалды компонент: сайқымазақ – клоун – clown 
 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Педагог балаларға бүгінгі оқу қызметімізді көңілді жүретін және айналасындағы 
барлық адамдардың көңілді болғандарын қалайтын адам туралы болатындығын айта 
отырып, «Ол адамның кім екенін білгілерің келеді ме?» – деп сұрақ қояды. Балалар 
қызығушылық танытып, кейіпкердің, яғни, көңілді адамның кім екенін білгілері келетінін 
жеткізеді.
Тәрбиеші көңіл күйлерің көтерілсін деп, Әйгерім Қалаубаеваның «Көңілді күн» әні 
арқылы бір билеп алуларына ұсыныс білдіреді. Ал балалар әнге сергіп, көңіл күйлерін 
көтереді. 
Жақсы көңіл күймен бүгінгі кейіпкермен танысуға шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет