А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет33/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Сергіту жатығуы: 
Домала, доп, домала, 
Балшыққа тек жолама. 
Жек көремін оныңды, 
Бүлдіресің қолымды. 
Секіріп өр, ордан да, 
Секіріп өт жолдан да
Қуса күшік жетпесін. 
Мәшине басып кетпесін. 
(Ө.Ақылбеков) 
Балалар қимылын келтіре отырып жасайды. 
Педагог балаларға ойын ойнайтындығын айтады.
Дидактикалық ойын: «Суретті жалғастырып боя және әңгімеле» 
Мақсаты: Балаларды дұрыс бояуға және әңгімелеу арқылы тіл байлықтарын дамыту. 
Ойын шарты: Ойын Сөйлеуді дамыту дәптерімен орындалады. Суретті жалғастырып боя 
және әңгімеле. 
Балалар дәптермен жұмыс жасайды. Суреттегі цирк үйінің киіз үйге ұқсайтындығын және 
оның төбесінің үшбұрышты екендігін әңгімелейді. 
3. Қорытынды кезең (рефлексия).  
Педогог оқу қызметін қорытындылай отырып, күлдіргіштің сыйлығын: түрлі түсті 
доптарды тарату. Әйгерім Қалаубаеваның «Көңілді күн» әнімен аяқтайды. Балалар 
сыйлықтарын алып қуанады. Әнге билейді. 
№14
Білім беру салалары: Коммуникация, Шығармашылық 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 


41 
Тақырыбы: «Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр» 
Мақсаты
Дастарқан жасау жайлы әңгімелету арқылы сөздік қорларын толықтыру.
Міндеттері: 
а) Жаңа сөздерді меңгерту (қантсауыт, нан салғыш, тұз салғыш, май салғыш, шәйнек, су 
құйғыш), сөйлем құрау барысында қосымшалы сөздерді дұрыс қолдана білуді үйретуді 
жалғастыру, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдана 
білуге жаттықтыру. 
ә) Шығармашылық қабілеттерін дамыту; ересектермен қарым-қатынасты жетілдіру. 
б) «Ас атасы – нан» ұғымын түсіндіре отырып, нанды қастерлеуге тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: жай сөйлем мен күрделі сөйлемдерді қолдануды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет