70
– Одан кейін олар кімді шақырды?
– Соңында шалқанды қалай жұлып алды?
– Жақсы, сонда кішкентай тышқан қандай болыпты? Кәне, тышқанның дыбысын
салайықшы
Дәптермен жұмыс: дәптердегі « Ертегі кейіпкерлерінің кезекпен тұру ретін сызық
арқылы қос» тапсырмасын орындау.
– Балалар, ертегіде атайға барлығы көмектесіпті. Ал сендер үйде үлкендерге көмек
бересіңдер ме?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
1,2,3 (мұрынмен дем алып)
Демімізді алайық.
3.Қорытынды кезең (рефлексия)
Ертегі мазмұнын кез келген жерінен жалғастырып кетуге дайын отыруға ұсыныс білдіре
отырып, ұйымшылдыққа, достыққа, бірлікке бағыттау.
№31
Білім беру салалары: Коммуникация, Таным
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі
Мақсаты:
Өз ойларын жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
а) Ненің дәмді екенін ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.
ә) Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын,
айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді
дамыту, ертегіге қызығушылығын арттыру.
б) Асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Достарыңызбен бөлісу: