71
Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Жұлдызқұртқа алманың дәніне жетуге көмектесейік!»
тапсырмасын орындату.
– Балалар,
бізге алма жеген ұнайды екен, жұлдызқұртқа да алма ұнады.
– Ал енді мен сендерге «Не дәмді?» ертегісін оқып беремін.
Ертегі оқылады:
Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.
Сонда Тауық:
– Ең дәмді тамақ – тары, – депті қыт-қыттап.
– Тапқан екенсің, дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін! – дейді Ит абалап.
– Бәрің де білмейсің. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ, – дейді Қоян, екі
құлағын тікірейтіп.
– Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді! – деп, Ешкі маңырапты.
– Шіркін, қою сүтті айтсаңдаршы! – деп Мысық тамсанады. Сөйтіп әркім өзі сүйетін
тағамды мақтап,
қызыл кеңірдек болысып,
бәтуаға келе алмай, тарасыпты.
– Ал, балалар, ертегіден нені түсіндіңдер?
– Балалар, өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер?
– Көрдіңдер ме? Әр адамдардыңда өз сүйікті тағамдары бар. Қандай да тамақ болсын,
жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де тәтті.
– Балалар, бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса, не істейміз?
«Нан қиқымын, шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар» деген өлең бар, ешуақытта асты басып кетуге болмайды.
Нанды
да, кез келген тағам түрлерін де қадірлеуіміз керек.
Сергіту жаттығуы:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым,
Алдыға қарай бір адым,
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Достарыңызбен бөлісу: