Күтілетін нәтижелер:
біледі: өз ойын жеткізе білуді, суретке қарап әңгіме құрауды;
түсінеді: шешім қабылдауды, сұраққа толық жауап беруді;
қолданады: жылы сөздер мен тілектер айтып жұбатуды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, сөйлеуді дамыту дәптері,
жұмсақ ойыншық күшік
Сөздік жұмыс:күшік.
Билингвалды компонент: күшік – щенок – puppy.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Жұмбақ жасырылады:
Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)
– Балалар, ит қандай жануар түріне жатады?
– Иттің баласын не деп атаймыз? (Күшік)
– Күшік қандай дыбыс шығарады?
– Кәне, ендеше бәріміз күшік сияқты үрейікші (Әуп-әуп).
2.Негізгі кезең
Демонстрациялық құрал
(Көңілсіз күшіктің сурет)
– Балалар, суреттегі күшік туралы әңгімелейік.
– Күшіктің көңіл күйі қандай? (Күшік кішкентай, сүйкімді, бірақ оның көңілсіз екенін
суретке қарап жеткізеді).
– Ол неліктен көңілсіз, жабырқаулы деп ойлайсыңдар? (Досын немесе анасын жоғалтып
алды, мүмкін ауырып тұрған шығар, сондықтан көңілсіз деп әртүрлі жорамалдар айтады).
– Күшік кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді, ақылды, құлақтары ұп-ұзын, жүні жұп-жұмсақ, бірақ
күшік көңілсіз, жабырқаулы.
– Мүмкін ол өзінің атын ұмытып қалған шығар? Кәне, оған ат қойып көрейікші. Мысалы:
Ақтөс, Бөрібасар, Бим т.б
– Бәлкім, ол өзінің атын естігенде көңілденетін шығар? (Өз ойларын айтады).
– Ол көңілденбеді, әлі де жабырқаулы. Енді не істесек болады? Ендеше дәптерімізді
ашайық, күшіктің көңілін көтеру үшін тапсырманы орындайық.
Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Күшіктің сүйекке жету жолын бастыр» тапсырмасын
орындату.
– Балалар, біз күшікке сергіту жаттығуын жасап көрсетейік. Ол сол кезде
көңілденер?
Сергіту сәті.
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
69
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.
Достарыңызбен бөлісу: |