А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Бірінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі жапон экономи-



Pdf көрінісі
бет14/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Бірінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі жапон экономи-
касының «алтын ғасыры».
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 
Жапония Антанта жағында соғысты. Германия және оның одақ-
тастарына соғыс жариялаған Жапония Микронезия (Маршаллов, 
Каролин, Мариан) аралын және Қытайдағы Германияның әс-
кери-теңіз базасы - Циндаоны басып алды. Осы кезде кӛптеген 
державалардың Еуропадағы соғыспен мұршалары болмай жат-
қанын пайдаланып, Жапония Қытайдың Шаньдун провинция-
сын түгел басып алды. Сонымен бірге әлсіз Қытай үкіметін «21 
талап» деп аталатын құжатқа қол қоюға мәжбүрлеп, нәтиже-
сінде Жапонияның Қытайға үстемдігі күшейе түсті. Соғыс жыл-
дары Жапонияның экспорты бірнеше есеге ӛсті. Сол үшін мұны 
жапон 
экономикасының «алтын ғасыры» деп, тегін атамаса керек.
Әсіресе кеме жасау мен ауыр ӛнеркәсіп дамыды, Антанта 
елдерін қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырды. Елдің қаржы 
жүйесі жақсарды. Соғыс аяқталған кезде Жапония алтын қоры 
жағынан әлемде екінші орынға кӛтерілді (АҚШ-тан кейін).
Соғыстан кейін Еуропа тауарлары қайтадан Азия нарығы-
на шығарыла бастады. Сонымен бірге Еуропа мемлекеттері жа-
пон тауарларымен бәсекеге түсе бастады. Бұл тез арада болған 
жоқ, тек 1920 жылы Жапония бәсекелестікті сезіне бастады, яғ-
ни оның экспорты 20%-ға қысқарды. Кейбір шаруашылық сала-
ларында ол кӛрсеткіш ӛте жоғары болды, мысалы машина жасау 
60%-ға қысқарды, тау-кен қазба жұмыстары 50%-ға қысқарды, 
ал кеме жасау тіпті 90%-ға қысқарды.
Инфляция тез ӛсіп кетті. Күрішке бағаның ӛсуі бүкіл елде 
«күріш бүлігіне» алып келді. 1919 жылы шаруалардың ӛз ерік-
терімен жерді басып алулары жиіледі. Елде ереуілдер болып, ол 
табыспен аяқталды: 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыс жағдайын 
жақсарту, жалақыны кӛбейту, кәсіподақ ұйымын құру т.б.
Жапонияға тағы бір соққы болып тиген қиындық, ол
1919 жылы «4 мамыр» қозғалысынан кейін Қытайдың Шаньдун 
провинциясын қайтып алуы мен «21 талаптан» бас тартуы және 
Қытайда жапон тауарларына байкот жариялануы болды. 
Вашингтон халықаралық конференциясында Жапония диплома-
тиялық сахнада оқшауланып қалды, оны тіпті одақтасы Англия 


22 
да қолдаған жоқ. Нәтижесінде Жапония Шаньдун провинциясы-
нан және Қытайға ӛзінің мүдделік танытуынан бас тартуына ту-
ра келді.
Осының барлығы, яғни жапон тауарларының қыспаққа 
алынуы, дипломатиялық оқшаулану, Қытайдан айырылуы, жа-
пон халқының дамуына ӛзгеше әсер етті (ксенофобия). Мұнда 
Батыс бізді «жақсы кӛрмейді», сол үшін қыспаққа алып жатыр 
деген түсінік қалыптасты.
1923 жылы 1 қыркүйекте Жапонияда үлкен кӛлемде таби-
ғат апаты болды - астанада жер сілкінісі болып, Токио толығы-
мен қирады. Нәтижесінде 150 мың адам қаза болып, 4 млн. адам 
баспанасынан айырылды. Елде тӛтенше жағдай жарияланып, 
барлық саяси күштер ӛз жүмыстарын тоқтатты.
Осы қасіретті оқиға елдің экономикасының тоқырауға тү-
суіне нүкте қойды. Қалпына келтіру жұмыстары жұмыс күшін 
қажет етті, ал кәсіпорындар мемлекеттен үлкен кӛлемде субси-
дия алды. 1923 жылдың аяғында экономика қайта жанданды. 
Нәтижесінде 1925 жылы Жапонияда экономикалық даму
1919 жылғы деңгейге кӛтерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет