23
Хидзэн). Осы кландардың мүшелері мемлекеттік аппарат, ар-
мия,
теңіз корпусы, Генро Кеңесі (кӛсем) және Құпия Кеңесте
қызмет атқарып, елдегі жекеменшік кәсіпкерлерімен тығыз бай-
ланыста болды.
1924 жылы мамыр
айында парламент бірінші рет
жауап-
ты үкімет
құруды қолға алды: партиялық негізде бірінші каби-
нет құрылды. Ол
Минсэйто партиясы
базасындағы
Като үкіме-
ті
болды (ол
ең ірі концерн
«Мицубисимен»
тығыз байланыс
жасады). Ал 1925 жылдан бастап сайлау құқығы енгізілді (30
жастан жоғары ерлер үшін). Бұл демократияның маңызды жетіс-
тігі болатын. 1924 жылдан 1932 жылға дейін Жапонияны тӛмен-
гі палатаға тәуелді үкімет басқарды.
Тіпті жоғарғы палатаның
мүшелері - ақсүйектер палатасы біртіндеп саяси партияларға тә-
уелді бола бастады. Құпия Кеңестің мүшелері бюрократтар емес
ғалымдар, заңгерлер, профессорлар болды.
Ал 1927 жылы сәуірде Жапонияның экономикалық жағда-
йы
тез нашарлап кетті; елді
Сэйюкай
деген басқа
партия бас-
қарды
(ол ірі концерн
«Мицуимен»
тығыз байланыс жасады).
Сыртқы саясатта бұл партия күшті басқыншылық жолды ұстан-
ды. Тап осы үкімет билігі кезінде, яғни 1927 жылы мамыр айын-
да Қытайға жапон экспедициялық корпусы жӛнелтілді.
Достарыңызбен бөлісу: