А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет11/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

 
 
 


17 
§ 3. Қала экономикасындағы буржуазиялық
даму ҥрдісі 
Шығыс елдерінің дәстҥрлі ӛнеркәсібі.
Батыстық капита-
листік даму үрдісі мен Шығыстың дәстүрлі ӛнеркәсібі ара қаты-
насы қала экономикасының дамуында үлкен қарама-қайшылық 
тудырып отыр. Батыс Еуропада ӛнеркәсіп тӛңкерісі жеңіл ӛнді-
ріс саласынан басталды. Ӛнеркәсіптің импорттық арзан фабри-
калық бұйымдары Шығыс елдерінде мақта-мата ӛндіру қол-
ӛнерінің жалпы аумағының қысқаруына түрткі болды. Батыстан 
фабрикалық түрде иірілген жіптер тасымалдана бастады. 
Осы ӛндірістің ірі кӛлемде алғашқы рет араласуы отарлық 
кезеңде ондаған жылдарға дейін созылды. Мұндай жағдай үйде-
гі қолӛнерін біртіндеп фабрикалық түрге ауыстыра бастады. 
Сонымен, жеңіл ӛнеркәсіп фабрикасының пайда болуы қолӛнер 
шеберханаларын ығыстырды. Бұл үрдіс ең алғаш Үндістанда 
байқалды, яғни бір ғана фабрикада шығарылатын ӛнім, елде 
қолӛнер саласы бойынша шығарылатын ӛнімнің жартысынан 
кӛбін қамтыды. Бұл кейін кӛптеген елдердің нарығына түсіп, 
оны одан әрі ӛздері игеру әдіс-тәсілін қолға алды. 
Жергілікті шаруашылық және отарлық капитал

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жергілікті ӛндірістің дамуына 
метрополия отарлық капиталының ӛндіріс жүйесінің ӛзара тә-
уелділігі кедергі жасап отырды. Мысалы, Үндіқытайда жергілік-
ті француз фабрикалар (шеберхана, мақта-мата, қант, шәй, арақ-
шарап, күріш тазалау т.б.) шикізатты сатып алу және жергілікті 
кәсіпкерлерді қамтамасыз етуді монополияландыруға талпыныс 
жасады. Шаруашылықтың кейбір саласында олар үлкен табысқа 
жете алған жоқ, мысалы бірінші кезекте жібек ӛндіру саласы бо-
йынша, яғни жұмысшы мамандар ескі тәсілді пайдалана отырып 
ӛз ӛнімдерін еркін игеруді қалады. Ал, мақта-мата ӛндірісі сала-
сы бойынша француз импорттық шикізатта жұмыс істеуші жіп 
иірушілер тек вьетнамдық мата ӛндірушілерді жіппен қамтама-
сыз етіп қойған жоқ, сонымен бірге мақта-мата мануфактура ше-
берханаларын да қамтамасыз етіп отырды. 
Сонымен, Шығыс елдерінде ӛнеркәсіп капиталы арасын-
дағы күшті бәсекелестік және дәстүрлі қолӛнер шаруашылығы-


18 
ның жалпы кӛлемінің қысқаруына алып келді. Бұл қант қайнату, 
бояу ӛндірісі, фарфор бұйымдарын шығару, қолшатыр және 
қолмен метал ӛңдеу салаларында да біліне бастады. Біртіндеп
тек тапсырыс бойынша жұмыс істейтінтанымал ақсүйектерге ға-
на қызмет жасайтын қолӛнер саласы ығыстырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет