А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Жапонияға қарсы шешуші соғыс қимылдары



Pdf көрінісі
бет19/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   134
Жапонияға қарсы шешуші соғыс қимылдары.
Соғыс-
тың бұдан әрі жалғасуының екі нұсқасы келтірілді: жапондық-
тарды барлық басып алған жерлерінен ығыстыру немесе 
Жапонияны жаппай бомбалап тізе бүгуге кӛндіру. 1944 жылы 
қаңтарда Жаңа Британия аралындағы Рабаул азат етілді,
1944 жылы ақпанда Маршалов және Каролин аралдары жапон 
әскерлерінен тазартылды. Енді АҚШ-тың басты әскери күші 
Мариан аралдағына қарай бағытталды. 1944 жылы маусымда 
Сайпан ӛзені маңындағы шайқастан кейін Мариан аралы азат 
болды, сосын 1945 жылы американдық әскер Лусрн аралына тү-
сіріліп, Филиппиндер толығымен азат болды. 1945 жылы нау-


30 
рызда американдық ұшақтар Жапонияны бомбалап, бұл «отты 
дауыл» нәтижесінде Токионың ӛзінде 197 мың адам қаза тапты.
Жаппай бомбалаудан кӛптеген жапон қалалары қирады
әсіресе бейбіт тұрғындар зардап шекті. Бірақ Жапония қарсыла-
суды тоқтатқан жоқ. 1 сәуір күні Жапонияның ӛз территориясы 
Рюкю-Окинав архипелагында соғыс басталды. Мұндағы шайқас 
1945 жылдың маусымына дейін жалғасты. Бұл кезде Еуропада 
соғыс қимылдары аяқталғанмен американдықтар Жапонияға 
қарсы соғыс 1946 жылға немесе 1947 жылға дейін жалғасуы 
мүмкін деп шешті. Дегенмен, американдық ғалымдар атом бом-
басын пайдалануға арналған - «Манхэттен» жоспарын аяқтаған 
болатын. Американдық мамандар: Жапонияға «қарсыластық со-
ғысты не тоқтата алады» деп сұрақ қойғанда, «тек аяқ асты күт-
пеген оқиға» деп жауап қайтарады. Сосын американдықтар
1945 жылы 25 шілдеде жапондық үкіметке - ел шексіз тізе бүгу-
ді қабылдау керектігін ескертеді. Ал 1945 жылы 6 тамызда 
Херосимаға, ал 9 тамызда Нагасакиге АҚШ үкіметі атом бомба-
сын тастады, нәтижесінде 450 мың адам қаза болып, жаралан-
ды. 1945 жылы 2 қыркүйек күні Жапония тізе бүгу туралы келі-
сімге қол қояды. Соғыс аяқталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет