А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


жылдардың соңы - 2000 жылдың басындағы



Pdf көрінісі
бет29/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   134
1980 жылдардың соңы - 2000 жылдың басындағы 
Оңтҥстік Корея.
Ро Дэ У тұрақты демократиялық қоғам құру, 
әскерилердің саясатқа араласуын шектеу, елдің халықаралық 
беделін кӛтеру істерін қолға алды. 


43 
Шығыс Еуропа елдері, Кеңес Одағы, Қытай және 
Вьетнаммен (1990-1992 жж.) дипломатиялық байланыс орнатты. 
1990 жылы қыркүйекте Корея Республикасы КХДР-мен бір уа-
қытта БҰҰ-ның құрамына кірді. 
1990 жылы Оңтүстік Корея алдыңғы қатарлы индустрия-
лы мемлекет деп танылды. 1993 жылы Ро Дэ Уды айналасында-
ғылармен бірге парақорлықпен айыптап, сайлауда Ким Ен Сам 
жеңіске жетті. Бірақ 1995 жылы жаңа оппозициялық партия құ-
рылып, ол Біріккен Либералды Демократтар деп аталды. Ал осы 
партия кезекті сайлау науқанында Ким Дэ Чжунның жеңіске же-
туіне кӛмектесті. 1996 жылы тауар айналымы 280 млрд. долл. 
жетті, ал экспорт 130 млрд. долл. құрады. Оңтүстік Кореяның 
сауда серіктестері - АҚШ, Жапония, ЕО, АСЕАН елдері және ҚХР.
1997 жылы басталған экономикалық «азияттық дағдарыс» 
бүкіл Азия елдерін қамтып ӛтті. Осының салдарынан елде
17 мыңға жуық кәсіпкерлердің кәсіпорындары жабылып қалды. 
1997 жылы 21 қарашада Оңтүстік Корея халықаралық валюта 
қорынан кӛмек сұрайды. Бұл дағдарыс ХХІ ғасырдың басында 
да сезілді, дегенмен корейлік үкіметтің реформаны нақты жал-
ғастыру және экономиканы қайта дамыту үшін несие-банктері-
мен келіссӛздер де тоқтаған жоқ. Дағдарыс басталғаннан-ақ 
Оңтүстік Корея әлемдік экономикалық қауымдастығы тез қар-
қынмен жүрді. Дамыған экономикаға сай нарықтық құрылымды 
дамытып, дағдарыстың алдын алуды қолға алды. Кейін келе 
Оңтүстік Корея компаниялары Батыстың алдыңғы қатарлы ком-
панияларымен бәсекелес бола бастады. Оңтүстік Кореяның 11 
фирмасы әлемдегі алдыңғы қатарлы 500 корпарацияның тізіміне 
енді. Ал 4 компания «Хендэ», «Самсунг», «Лаки Голдстар», 
«Дэу» әлемдегі 100 ұлтаралық корпорациялардың тізіміне кірді.
Ким Дэ Чжун
сыртқы саяси қадамын КХДР-на қатысты 
«күннің жылуы» саясатынан бастады. Нәтижесінде 2000 жылы 
13 маусымда Ким Дэ Чжун Солтүстік Кореяның басшысы Ким 
Чен Ирмен кездесіп, екі жақты келіссӛзге қол қойды. 
Оңтүстік Кореяның ең басты даму үрдісі - экономика са-
ласы болды. 2003 жылдың соңына қарай Оңтүстік Корея эконо-
микасы үздіксіз даму жолына түсті. Ішкі нарықтағы күшті сұра-
ныс жұмыс күшін жалдау барысынан кӛрінді. Оны мысалы


44 
2004 жылы ішкі кірісті 5,3% деп жоспарлаған болса, ол 6% құ-
райды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет