46
Жаңа ғаламдану жағдайындағы КХДР.
КСРО-ғы қайта
құрулар КХДР-на кері әсерін тигізді. Пхеньянның дәстүрлі се-
ріктестері бұрынғы социалистік мемлекеттермен және Батыспен
сауда-саттық нашарлады. Нәтижесінде КХДР-да экономика қар-
қыны баяулады, халық шаруашылығының кӛп саласында дағда-
рыс орын алды.
1988 жылдан бастап КХДР-сы Шығыс Еуропадағы кӛпте-
ген социалистік серіктестерінен айырыла бастады. Сосын КСРО.
Ал 1990 жылдардан бастап Солтүстік Корея мемлекеті де басқа
бұрынғы
социалистік елдер секілді «жаңа ӛмірге» үйрене бастады.
1994 жылы шілдеде
Ким Ир Сен қайтыс болып
, оның
орнына баласы
Ким Чен Ир
келді. Ким Чен Ир мемлекеттік-пар-
тиялық жүйені қайта жалғастырды. Дегенмен, 90-шы
жылдар-
дың ортасында бұл жүйенің қабілетсіздігі біліне бастады.
Қоғамдық азық-түлік, ӛнеркәсіп ӛндірісінің қарқыны тӛ-
мендеді, электр қуаты, жанар-жағар май, шикізат және т.б. тап-
шылық күйге түсті. Ауыл шаруашылығында да тоқырау бастал-
ды: дәнді дақылдар, әсіресе тамақтың негізгі түрі - күріштің де
түсімі нашарлап кетті. Сонда да елдегі басшылық мұндай жағ-
дайдан шығу жолын бұрынғыдай
әлеуметтік және экономика-
лық реформа арқылы шешуді қарастырды, яғни күшті тәртіп пен
шектеулер.
Достарыңызбен бөлісу: