42
генция ӛкілдері және студенттер қатысты. Билікте үлкен дағда-
рыс басталып, 1979 жылы 26 қазанда аяқ асты Пак Чжон Хи ӛз
тӛңірегіндегілердің қолынан қаза болды.
Елге тӛтенше әскери тәртіп енгізілді, бұл істі бұрын таны-
мал емес әскери топты
басқарған генерал-майор
Чон Ду Хван
басқарды. Ол негізінен әскери акадамияда және соғысқа бірге
қатысқан достарының кӛмегіне сүйенді, ал ең жақын досы гене-
рал-майор Ро Дэ У болды.
1979 жылдан 1981 жылдың ақпанына дейін Чон Ду Хван-
ның ӛтпелі кезеңін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті басқарды.
1981 жылы ақпанда
жаңа президенттік сайлау болып, Чон Ду
Хван еш кедергісіз жеңіске жетті.
Әскери тәртіп жойылса да
500-ге жуық адам саяси биліктен босатылды. Парламенттегі
кӛпшілік орынды Әділетті Демократиялық партиясы (ӘДП),
Кореяның Демократиялық партиясы (КДП) және Корея Ұлттық
партиясы (КҰП) иемденді.
Бесінші республика (1981-1987 жж.).
Чон Ду Хван
прези-
денттігі кезінде Корея Республикасының экономикасы жоғарғы
қарқынмен дами түсті және ӛндірістің, сыртқы сауданың маңыз-
ды құрылымдары ӛзгерді. 1983 жылы Ұлттық кіріс 75 млрд.
доллар болды. Ӛндірістің дамуы жылына 8,5%-ға ӛсті, ал
экс-
порт 23,2 млрд. долларды құрады. Оңтүстік Корея үлкен жүк
тасымалдайтын кемелер, электр заттарын, қару-жарақ түрлерін,
жеңіл автокӛліктерді экспортқа шығарумен айналысты. Соны-
мен, бірге ішкі инфрақұрылым, ғылым,
мәдениет, денсаулық
сақтау салалары жоғары дамыды. Оңтүстік Корея алпауыт мем-
лекеттермен бәсекеге қабілетті елге айналды (Сингапур,
Тайвань, Ганконг т.б.). Нәтижесінде
Азия құрлығында Жапония-
дан кейін екінші орынға кӛтерілді.
1987 жылы 16 желтоқсанда президенттік сайлау болып
Ро
Дэ У
жеңіске жетті. Елде
Алтыншы республиканың
билігі бас-
талды.
Достарыңызбен бөлісу: