47
§ 8. Қытай
Бірінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Қытайдың ішкі
жағдайы.
Бұрынғы ерте кездің ӛзінде-ақ қытайлар ұлы ӛрке-
ниет құрады. Ұзақ уақытқа дейін Қытай ӛркениеті басқа мәде-
ниеттен бӛлек дамыды. Тек ХҮІІІ ғасырдан бастап Батыспен
байланыс орнады. Бұл Қытайдағы маньчжур династиясы Цин
империясының Қытайды сыртқы әлемнен толық «жауып» тас-
тауға әкелді. Тек ХІХ ғасырдың ортасында
«апиын соғысынан»
жеңілген соң ғана Қытай Еуропа елдеріне
«ашық»
бола бастады.
Алайда «еуропалық варварлардан» жеңіліп қалғанына Қытай
қатты күйзелді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында
1911 жылы
Қытайда монархия құлады
.
Синхай революциясы Цин динас-
тиясын жойды.
Енді елде
не істеу керек?
деген сұрақ тұрды.
Жаңа династия құру керек пе, әлде диктатура орнату керек пе?
Бұл жерде жақсы кандидат
Юань Шикай
болды, бірақ
провинциаларда билікті әскери-губернаторлар (дуцзюни) басып
алды, ал Юань Шикай 1916 жылы қаза болды.
Ендігі кезекте елдің саяси ӛміріндегі басты рӛлде
Сунь
Ятсен
болды, ол 1912 жылы
Гоминдан
партиясын (Ұлттық пар-
тия) құрды. Сунь Ятсен Оңтүстік Қытайда ӛте беделді саяси
қайраткерлердің бірі болды.
Қытайда монархия құласымен
Тибет, Синьцзян, Монғолия ӛз алдына бӛлек болып кетті, ол
жерлердегі Қытай шенеуніктері қуылды.
Осы кезде Қытайдағы ең басты проблема бір саяси орта-
лықтың болмауы еді. Соғыс жылдары елде екі үкімет пайда бол-
ды:
Оңтүстік
және
Солтүстік
. Олардың орталықтары
Гуанчжоу
және
Пекин
қалалары болды.
Оңтүстіктегі - билік үшін екі генералдар тобы күрес жүр-
гізді (гуандундық және гуан топтары).
Солтүстіктегі - билік үшін күрес Пекинде жүрді: Аньхой,
Чжили, Маньчжур топтары арасында.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Қытай немқұрайлы түрде
ғана қатысты. Ӛйткені, халықаралық жағдайын реттеп алу үшін
оған жеңген елдер жағында болу міндеті болатын.
48
Бұл жапон саясатына қарсы тұру үшін де маңызды еді.
Жапония
1915 жылы Германияға қарсы соғыс жариялап, герман
иелігіндегі Микронезия (Маршалловы, Каролин, Мариан) арал-
дарын басып алды. Сонымен бірге Жапония Германияның
Қытай жеріндегі
әскери-теңіз базасы
Циндаоны
және бүкіл
Шаньдун
провинциясын басып алды. Барлық державалардың
дүниежүзілік соғыста мұршалары болмай жатқанын пайдала-
нып, жапондықтар Қытайды қорлайтын «21 талап» құжатына
қол қоюына мәжбүрледі.
Әлсіз Қытай үкіметі бұл талаптың барлығын орындауға
кӛнді, сӛйтіп нәтижесінде Жапонияға тәуелді болып қалды.
1919 жылы Париж бейбіт конференциясында Қытай осы
«талапты» қайта қарауды ұсынды. Бірақ
1919 жылы 30 сәуірде
Қытайдың
«талабы» қаралмады.
Ӛйткені
оны басқа халықара-
лық конференцияда қарауды жӛн кӛрді. Мұнда, яғни Париж
конференциясында Еуропадағы территориялық ӛзгерістер,
Германия мәселесі, Ұлттар Лигасын құру сияқты проблемалар-
ды қарау қолға алынды. Парижден келген мұндай жәйсіз хабар
Пекинде наразылық тудырды.
1919 жылы 4 мамырда Қытай астанасында екі аптаға жуық
студенттер демонстрациясы болды. Оған қатысушылар Париж-
дегі Қытай делегациясын тез арада елге оралуларын талап етті.
Сонымен бірге осы «21 талапқа» қол қойған шенеуніктерді жа-
залау, жапон тауарларына байкот жариялауды ұсынды.
Кӛп ұзамай жапон тауарларына байкот бүкіл елді қамты-
ды. Пекиндегі Дуань Цижу үкіметі Париждегі Қытай делегация-
сын кері қайтаруға мәжбүр болды. Ал
елдегі ереуіл біртіндеп
Шанхайға қарай жылжып, кӛп ұзамай бүкіл Қытайды шарпып
кетті.
1919 жылы 10 қазанда Сунь Ятсен Шанхайда Джунго
Гоминьдан партиясын құрып (Қытайдың Ұлттық партиясы)
Оңтүстіктегі саяси билік үшін күресті. Партия үш қағида бойын-
ша жұмыс істеді: «ұлтшылдық» - шетелдіктердің зорлық-зомбы-
лығын жою; «ұлттық билік»- милитаристерді үкімет билігінен
қуу; «халықтың берекесі» - мемлекет халықты әлеуметтік жағы-
нан қорғау.
49
1920 жылы шілдеде Пекиндегі Дуань Цижу үкіметін құла-
тып, оның
орнына Чжилиден У Пэйфу келді, олар Англия мен
АҚШ-тан қолдау іздеді. АҚШ және Батыс Еуропа мемлекеттері
Қытаймен ара қатынасты жақсартуға кірісті, ал бұл Жапониямен
қарым-қатынасты нашарлатып жіберді.
Мұндай жағдайда Жапонияның
Вашингтон конференция-
сында
толықтай оқшауланып қалуына әкеп соқты. Қытайдың қа-
тысуымен болған бұл конференция 1921 жылы сәуірден
1922 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеді. Конференцияның
Қытай үшін ең маңызды нәтижесі
«Қытай туралы 9 держава»
келісімі болды. Онда
Қытайдың егемендігі сақталды, террито-
риялық тұтастығы қалпына келтірілді, «21 талап» бойынша
Қытайдан тартып алған Шаньдун провинциясын Жапония қай-
тарып берді.
Сонымен келісім Қытайдың халықаралық позициясын бе-
кіте түсті. Ал «4 мамыр» қозғалысы шаруалардың белсенділігіне
түрткі болды.
Осы
1920 жылы Қытайда бірінші рет маркстік үйір-
мелер
пайда болды. Оны Пекинде
университет профессоры Ли
Дачжао басқарды, Шанхайда Чень Дусю, ал Хунань провинция-
сының орталығы Чаншада
Мао Цзэдун
басқарды.
Достарыңызбен бөлісу: