А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Қытай және Аза-



Pdf көрінісі
бет36/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   134
 
Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Қытай және Аза-
мат соғысы (1945-1949 жж.).
Соғыс аяқталысымен Қытайды 
саяси жағынан біріктіру мәселесі қолға алына бастады. Екі не-
гізгі күш - ҚКП және Гоминьдан елдегі билік үшін ӛзара қүрес 
жүргізді. 1946 жылы мамырға дейін КСРО және Қытай 
Республикасы арасындағы келісім бойынша Маньчжурия тер 
риториясында кеңестік әскер тұрақтап қалды. Бұл ауданда 
Маньчжоу-Го «қуыршақ» мемлекеті ӛмір сүріп тұрған кезде 
жапондықтар бұл жерді экономикасы дамыған аймаққа айнал-
дырды. Нәтижесінде 1945 жылдың 10 қазанында Чунцинде ҚКП 
және Гоминьдан арасында бейбітшілік пен ұлттық бірлік орнату 
туралы келісімге қол қойылды. Алайда келіссӛзге қатысушылар 
ҚКП-ның болашақ қарулы күшінің статусы туралы ортақ тілге 
келе алған жоқ. Чан Кайши әскерді таратып және азат етілген 
аудандағы билікті сол жерлердегі ӛкілдерге беруді ұсынды. Ал 
Мао Цзэдун бұған бара алмады және кері жауап берді. АҚШ 
үкіметінің қолдауына сүйенген Гоминьдан басшысы коммунис-
тер бақылауындағы аудандарға басқыншылық әрекет жасауды 
қолға алды. Ел тағы да Азамат соғысының аясында қалды. 


55 
1946 жылы елде қайта Азамат соғысы басталды, ал оның 
бірінші кезеңі 1947 жылдың ортасына дейін жалғасты. АҚШ-
тың қолдауындағы Чан Кайши армиясы бастапқы кезде үлкен 
табыстарға жетті. Соғыстың қорытындысы 1948 жылдың соңын-
да 1949 жылдың ортасында ерекшелене бастады. Пэн Дэхуай 
басшылығындағы Бірінші армия елдің солтүстік батысына ор-
наласты, Лю Бочэннің Екінші армиясы Орталық Қытайға, Чэн 
Идің Үшінші армиясы шығысқа орналасты, Линь Бяоның Тӛр-
тінші армиясы Маньчжурия жеріне орналасты. Коммунистер 
бастапқы кезде Шэньян ауданын, сосын Чаньчунді, сӛйтіп, бір-
тіндеп Солтүстік-Шығыс Қытайдың кӛп бӛлігін ӛз бақылаула-
рына алды. 1949 жылы 21 қаңтарда Чан Кайши Қытай 
Республикасының президенттік орнынан бас тартты. 1949 жыл-
дың күзінде тек Тайвань мен Тибет ҚКП-ның бақылауынан тыс 
қалды. Сонымен бірге Гонконг пен Макао бұрынғыдай 
Ұлыбритания мен Португалияның басқаруында қалып қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет