А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет34/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   134
Екінші азамат соғысы. 
ҚКП-сы Чан Кайшидің тӛңкерісі-
нен кейін-ақ Гоминьдан партиясының саясатына қарсы шықты. 
1927 жылдың соңында ол бірнеше кӛтерілістер ұйымдастырды, 
бірақ барлығы сәтсіз аяқталды. 1928-1930 жылдары бірнеше ау-
дандар коммунистердің бақылауына ӛтті, ол жерлерде Кеңестер 
құрылды. 1931 жылы Жулцзинде Кеңестер съезі болып, Қытай 
Кеңес Республикасы жарияланды. Орталық және Оңтүстік 


51 
Қытайда Гоминьдан мен коммунистер арасында Азамат соғысы 
болды. Алайда екі жақ 1937 жылы 8 шілдеде жапондықтарға 
қарсы жалпыұлттық ортақ майдан ашу үшін бірігуді қолға алды.
ҚКП-сы ӛздері бақылау жасап отырған аудандарда, әртүр-
лі мәліметтер бойынша 50-100 млн. адам жинады. «Сегізінші» 
және «Тӛртінші»- екі басты армия әскер саны жағынан 500 мың 
адамға жетті. Осы кезде ҚКП-сын, яғни кейінгі жылдары ұзақ 
уақыт ел басқарған 
Мао Цзэдун
басқарды. Гоминьдан армиясы-
ның саны Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары 4600 адам деп 
есептелді.
1945 жылы тамызда КСРО Жапонияға қарсы соғысқа кірі-
сіп, Маньчжурияны басып алды, Квантун армиясын талқандады. 
Олар Солтүстік Қытайдағы ҚКП-ның әскери базасымен байла-
ныс орнатты. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып Қытай жері-
не тыныштық орнағанмен, елде Азамат соғысының ең ауыр ке-
зеңі басталды.
Жапондықтарға қарсы соғыс. 
1937 жылы 7 шілдеде 
Пекинге жақын маңдағы Марко Поло кӛпірі маңында Жапония 
Қытайға қарсы кең кӛлемде соғыс ашады. Бұл басқыншылыққа 
қарсы ортақ күрес жүргізу үшін ҚКП мен Гоминьдан ортақ келі-
сімге келеді. Бұл кезде Қытайда адам саны 2 млн-дай ірі кӛлемді 
жаяу әскері бар, бірақ талапқа сай қару-жарақтың жетіспеуінен 
ол армияның күші әлсіз. Артиллерия саласы ескірген, тек 20 
ұшақ пен 75 танк қана қолданыста болатын. 
Соғыс ашқан Жапония ұлы державаларға Шығыс Азияда 
«ортақ гүлдендіру мүддесін» алға тартады. Бірақ бұл ұсынысты 
еш мемлекет қабылдаған жоқ. Сол үшін Батыс тек Қытайға мо-
ральды қолдау ғана кӛрсетті. Нақты кӛмекті КСРО кӛрсетті,1937 
жылы 21 тамызда соғыс ашпау туралы келісіміне қол қойылған 
соң қыркүйекте Мәскеу қытайлық делегаттармен әскери құрал-
жабдықтарды тасымалдау туралы келіссӛз болды. Ал қазан 
айында Қытайға алғашқы кӛмек те келіп жетті: танк, ұшақ, ар-
тиллерия және қару-жарақ. 
Бастапқы кезде жапон армиясы Пекин мен Тяньцзиньді 
басып алды, ал 13 тамызда Шанхайға жылжыды. Янцзы ӛзенінің 
ағысымен жоғары жылжып Оңтүстік Қытайда майдан ашты. 


52 
1937 жылы қарашада Шанхай құлады, сосын Нанкин қаласына 
баса кӛктеп кіреді. Үкімет бастапқы кезде Уханьға сосын 
Сычуань провинциясының астанасы Чунцинға кӛшірілді, тап 
осы жерде Чан Кайши армиясы орналасқан болатын. Жапония 
бұл науқанды үш айдың ішінде аяқтауға жоспарлаған еді, бірақ 
1938 жылы мамыр айында да Чан Кайши армиясы қарсыласуын 
тоқтатқан жоқ. 1938 жылы қазанда жапондықтар үлкен шығынға 
тап болса да Қытайдың оңтүстігіндегі ең маңызды порты 
Гуанчжоуды басып алды, бірақ олардың шабуылы бәсеңдей бас-
тады. Жер-жерде партизан жасақтары құрылып, жапондықтарға 
күшті соққы беріп отырды. Нәтижесінде 1939 жылы кӛктемде 
жапон армиясы үлкен зардап шекті. 
Соғыстың алдыңғы екі жылы Чан Кайши үшін ӛте ауыр 
болды: барлық порттардан, теміржолдардан, байланыс жүйесі-
нен айырылды. Бірақ қарсыласуды жалғастыра берді. 1939 жы-
лы 1 қыркүйекте Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыс басталған 
кезде Қытай ӛздеріне кӛмек қолын созу үшін АҚШ-қа делегат-
тарын жіберді. Тек 1941 жылы ғана АҚШ Қытайға 120 млн. 
долл. ақшалай кӛмек кӛрсетті. Бұл кезде жапондықтар Қытайда 
соғыс қимылдарын тоқтатып, басып алған жерлерінде ӛз саяса-
тын жүргізуді қолға алған болатын. Олар 1940 жылы 30 наурыз-
да Нанкин қаласында Ван Цзинвэй басшылығындағы қуыршақ 
үкіметін құрып, оған партизандарға қарсы күрес жүргізу үшін
800 мыңдық әскер жасақтау тапсырылды. Осы кезде Чан Кайши 
АҚШ-қа қайта арқа сүйейді. 1941 жылы қаңтарда Қытайға бірін-
ші американдық ұшақтар мен ұшқыштар кӛмекке келеді. АҚШ 
конгресі Қытайға ленд-лиз заңы бойынша кӛмек кӛрсетуді 
қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет