67
3-тарау
ОҢТҤСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ЕЛДЕРІ
§ 9. Вьетнам
Бірінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Ҥндіқытай.
ХІХ ғасырдың 60 жылдардың ӛзінде-ақ Франция Үндіқытайға
басқыншылық жасап, Вьетнамның Оңтүстік бӛлігі –
Кохинхинді
- ӛзінің отарына айналдырып, ал басқа бӛлігі -
Тонкин және
Аннамды
- протектораты етіп алған болатын. Сонымен бірге
Лаос және Камбоджия
корольдықтарына да француздар про-
тектораты орнады. Ал 1884-1885
жылдардағы француз-қытай
соғысынан кейін Үндіқытайдың барлық территориясы француз
отары деп жарияланып, мұндағы француздардың билігі 1940
жылға дейін ӛте мықты болды.
Бірінші
дүниежүзілік
соғыстан
кейін
Вьетнам
(Камбоджия және Лаоспен бірге)
Үндіқытай Одағы
деп ата-
латын Францияның отарлық иелігі құрамында қала берді. Осы
кезде Вьетнам әртүрлі әкімшілік статус бойынша үш бӛлікке
бӛлінді: Орталық және Солтүстік Вьетнам протектарат болып,
оларды француз резиденттері басқарды, ал Оңтүстік Вьетнам
француз губернаторларының иелігіндегі отар деп есептелді.
Вьетнамдағы Нгуен монархиялық династиясы ӛз
билігін тек
орталық, солтүстік жерлерде ғана сақтап қалды.
1920 жылдары Вьетнамға француз инвестициясы келіп,
экономика дами бастады. Каучук, кофе және шәй плантация-
лары пайда болып, тау-кен ӛндірісі, ӛңдеу жұмыстары, банк
жүйесі, сауда және транспорт салаларын дамыту қолға алынды.
Соғыстан кейін Вьетнамда ұлт-азаттық соғыстар жалпыұлттық
және буржуазиялық-демократиялық ұрандармен жүрді. Елде
кӛптеген саяси партиялар мен саяси
ұйымдар құрыла бастады,
олардың ішіндегі ең ірісі 1925 жылы құрылған Революциялық
Вьетнам партиясы және Сайгонда құрылған Конституциялық
партия болды. Олар Вьетнамға француз және вьетнамдық бас-
қару құқығындағы доминион статусын беруді талап етті.
1930 жылы бірінші маркстік ұйымдардың бірігуінен Вьетнам
68
Коммунистік
партиясы құрылып, ол кейін
Үндіқытай Комму-
нистік партиясы
(ҮКП) деп аталды. Жұмысшы және комму-
нистік қозғалыстарды ұйымдастыруда, болашақ азаттық күресі-
нің ӛкілі
Хо Ши Миннің
рӛлі ерекше болды. Осы кезден бастап
елде француздарға қарсы күрес басталды. Солтүстік Вьетнам
жеріндегі Ненбай гарнизонында, Фу-тхо,
Хай-аыонг, Тхай-
бинь, Ханое провинцияларында 1930 жылы құрылған Вьетнам
ұлттық партиясының ұйымдастыруымен француздарға қарсы
қарулы бас кӛтерулер болды. Ал ең ірі революциялық күрестер
Орталық Вьетнамдағы Нге-ан және Ха-тинь жерлерінде болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Вьетнамдағы сая-
си жағдайға 1936 жылы Францияда құрылған Халық майданы-
ның әсері күшті болды. Үндіқытай компартиясы жалпывьет-
намдық ортақ майдан құруды да қолға алды. 1937 жылы елдегі
барлық коммунистік, социалистік
және реформистік ұйымдар-
дың бірігуімен Демократиялық майдан құрылды. Екінші дүние-
жүзілік соғыс басталғанда Вьетнамға жапондық басқыншылық-
тан үлкен қауіп тӛнді. Жапондықтар басып алған Аннама,
Тонкин және Кохинхин территорияларында Вьетнам автоном-
ды мемлекеті құрылды. 1941 жылы Үндіқытай жерін Жапония
бейбіт жолмен оккупацияға кӛндірді. Мұндай бейбіт жолмен
жүрген тізе бүгу салдарынан Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа
елдерімен салыстырғанда француздар мұнда ӛз
отарлық әкім-
шіліктерін сақтап қалды.1941 жылы ҮКП ОК-нің ҮІІІ Плену-
мында ортақ ұлт-азаттық майданын құру үшін Вьетнам тәуелсіз
Лигасы Вьетминьді құру туралы шешім қабылдады. 1943 жылы
Вьетминьға Демократиялық партия, Ұлттық партия, отанды
қорғау жолындағы қоғамдық және
мәдени қайраткерлер қосы-
лып, ауқымы кеңейе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: