124
ағылшын елшілігі жабылды. Алайда мұның барлығы Иранның
экономикалық мәселесін шеше алған жоқ.
1953 жылы 19 тамызда М.Моссадык орнынан кетті, жаңа
премьер-министр шахтың күйеу баласы, генерал
Захеди
М.Моссадыкты тұтқынға алды, сӛйтіп ол 2 жылын түрмеде ӛт-
кізді. Ал осы жылдары Англиямен болған даулы мәселе реттеле
бастады. 1953 жылдан бастап дипломатиялық байланыс қайта
орнады, ал 1954 жылы сәуірде Халықаралық мұнай консорциу-
мын құру туралы келісімге қол қойылды. Оның мәні мынадай
болды: АИМК-ның 60% акциясы 7 шетелдік компанияға берілді,
яғни олар 390 млн. фунт ст. кӛлемінде ақы тӛлеу, оның
240 млн. ф.ст. қолма-қол берді, 5% акция - американдық компа-
нияға берілді, 14% - ағылшын-голландтық «Ройал-Датч-Шелл»
корпорациясына, 6% - француздарға т.б.; ал 40% акция АИМК-
тың ӛзіне тиесілі болды. Консорциум Ирандағы мұнай ӛндірісін
және мұнай тазалау заводтарын 25 жыл пайдалануға құқық
алды. Айта кету керек, ол кезде ирандық мұнайдың табысының
1 тоннасы - 1,2 долларды құрады, ал кіріс тоннасына -
12,5 долл. болды, бұл әлемдегі мұнай бизнесінің ең жоғарғы
кірісі болатын.
Достарыңызбен бөлісу: