125
табысты модернизация жүргізу үшін ескірген экономикалық құ-
рылымды түбегейлі ӛзерту керек деп шешті. 1959 жылы желтоқ-
санда аграрлық реформа туралы бірінші рет заң қабылданды:
жер иелігі 400 гектардан аспауы керек, ал қалғанын мемлекет
қазынасына немесе шаруаларға бӛліп беру керек деп кӛрсетілді.
Жерге меншікті шейттік дін басы
аятолла Рухолла Хомейни
сынға алды. Ол шахтың аграрлық реформасын «Құдайға қарсы
шығу» деп айыптады. Елде оппозиция пайда болды.
1963 жылы 28 қаңтарда референдум болды.
Ирандағы «Ақ революция» реформасы.
1963 жылғы
қаңтардағы референдумда 6 мәселе қаралды: 1) аграрлық ре-
форма туралы; 2) ормандарды мемлекет қарамағына ӛткізу тура-
лы; 3) мәжіліске сайлау заңын ӛзгерту туралы; 4) жұмысшылар-
дың ӛнеркәсіп кірісіне қатысулары туралы; 5) реформаны қар-
жыландыру үшін мемлекеттік кәсіпорындардың бір бӛлігін сату
туралы; 6) «ағартушылық корпус» армиясын құру. Референдум
шах үкіметіне 99,9% жеңіс әкелді.
«Ақ революцияға» байланысты Иран 1962-1972 жылдары
әлемде тез қарқынмен экономикалық дамушы елдер қатарына
қосылды.
Атом электростанциялары салынды.
«Ағартушы корпусы» ирандық армиядан құрылды, олар
арнайы 4 айлық дайындықтан ӛтіп, әскери қызметкерлерді 14
айға сауатсыздықты жою үшін ауылдық жерлерге жұмысқа
жіберіп отырды. Сонымен 10 жыл ішінде 100 мың адам осындай
жұмысқа тартылып, олар 1 млн. балаларды және 0,5 млн. ересек-
терді оқытып шықты, осы корпус 1972 жылы ЮНЕСКО-ның
Халықаралық сыйлығымен марапатталды.
Елде жоғарғы оқу орындары салынды, 1964 жылы Иранда
27 жоғарғы оқу орындары болса, 1974 жылы олардың саны 148-
ге жетті. Студентер саны ӛсті, мемлекет есебінен жылына
18 мың студент
әлемнің танымал университеттерінен білім алды.
Достарыңызбен бөлісу: