А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет84/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

 
 
 
 
 
 


133 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
1930 жылы ағылшын-ирак келіссӛзі не үшін болды? 
2.
1943 жылы Тегеран конференциясы неге Иранда 
болды? 
3.
Аятолла Хомейни Иранда «Ислам революциясын» не 
үшін жүргізді? 
4.
Иран-Ирак соғысы қай жылдары болды және себепте-
рін атаңыз. 
5.
Иранда ислам дінінің қай саласы насихатталған? 
6.
Иранда Реза шах Пехлеви династиясы қай жылы билік 
басына келді? 
7.
ХХ ғ. І ші жартысында Иран мұнайы қай мемлекеттің 
қолында болды? 
8.
«Ақ революция» реформасы не үшін жүргізілді? 
 
 
§ 15. Ирак 
 
Бірінші дҥние жҥзілік соғыстан кейінгі Ирак.
Иракта 
Осман империясының бір бӛлігі болып Бірінші дүние жүзілік 
соғысқа қатысты. Әскери қимыл онда онша жүрген жоқ, тек 
1917 жылы 17 наурызда ағылшын әскері Бағдадқа кірді. Үш 
Осман вилайеттарының территориясының орнына Ирак мемле-
кеті құрылды. Мұнда мандатты 1920 жылы Англия алды.
Бұл күдікті іс болды: мұнда иесіз араб тайпасы курдттар іс 
жүргізу керек. Сонымен бірге елдің территориясында барлық 
мұсылман-шиитерге қасиетті қала Неджеф және Кербела болды 
олар танымал автономияны пайдаланды. Ағылшындар тез арада 
шиитерді қарудың күшімен жоюға кірісті, мұндағы жағдай
1920 жылдың соңына қарай ғана тұрақтана бастады.
1921 жылы тамызда Иракта 
Абдулланың
бауыры әмір 
Фейсал 
билігіндегі монархия орнады. 1922 жылғы ағылшын-
ирак келісімі бойынша Англия Иракта кеңесшілерін, жоғарғы 
комиссарларын және ӛз әскерін сақтап қалды. Бірақ ағылшын-
дарға Иракта 
Әбу ат-Тимман
және 
ас-Садр
бастаған ұлттық 
күштер қарсы шықты. 


134 
1930 жылғы ағылшын-ирак келісімі бойынша Ирак тәуел-
сіз мемлекет деп жарияланды, ал 1932 жылы Ұлттар Лигасына 
мүше болып кірді. Бірақ Англияның саяси-әскери бақылауы сақ-
талып қалды. Елде ағылшын кеңесшілері, әскери базалары қал-
ды, ал ӛздері сыртқы саясатта Англиямен келісіп отыруға мін-
детті болды. Ирак үкіметін нағыз ағылшынша саясаткер Нури 
Саид басқарды. Англия мандаты жойылды. 
Елдің тәуелсіздік алуы 1929-1933 жылдардағы дүниежүзі-
лік экономикалық дағдарыспен тұспа-тұс келді. Бұл ӛзімен бірге 
кӛп қасірет алып келді. Ирактың экспорты тез қысқарып кетті
экспорт тауарларының бағасы түсіп кетті, жұмыссыздық кӛбе-
йіп және әлеуметтік тоқырау басталды. Елде үкімет ауысып, 
радикалдар белсенділік кӛрсетті. 
1933 жылдан бастап үкімет басына 
Рашид Әли әл-Гейлани
келді, бірақ елде саяси шиеленіс басылған жоқ. 1936 жылы 
әскерде бүлік басталды: олар корольден жаңа премьер-министр 
тағайындауды талап етті - ол 
Хикмет Сүлейменді
тағайындады. 
Бірақ 1937 жылы тамызда бұл үкімет құлады. 
1938 жылы желтоқсанда 
Иракта Нури Саид
үкіметі 
құлады. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты 
ол Иракта тӛтенше жағдай енгізді. Бірақ елдің ішінде саяси 
топтардың ӛзара күресі жалғаса берді: 1941 жылы сәуірде әске-
ри тӛңкеріс болды - билікті Рашид Әли әл-Гейлани басып алды. 
Ол фашистік державаларға, яғни Германия мен Италияға қолдау 
кӛрсетті. 
1941 жылы мамырда ағылшындар Иракқа ӛз әскерлерін 
кіргізді. Олар армия мен мемлекеттік аппаратта тазалау жүргіз-
ді, патша мен атқарушы биліктің ӛкілеттілігін кеңейтеді. Бүкіл 
соғыс кезеңі аяқталғанға дейін Иракта ағылшын әскері сақталып 
қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет