А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері. Қазақ мақал-мәтелдері
туралы Абай Құнанбаев өте дәл пікір айтса, оларды теориялық тұрғыдан Ахмет
Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит
Мұқанов, Бейсенбай Кенжебаев, Қажым Жұмалиев, Әлкей Марғұлан, Б.
Шалабаев, Мәлік Ғабдуллин, Баян Ақмұқанова, Әбдуали Қайдаров, Б.Адамбаев,
Н.Төреқұлов, С.Омарбаев, Р.Сәрсенбаев еңбектерін әдіснамалық негіз ретінде
алып қарастырдық. 
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Әдебиеттану ғылымына тән
жүйелілік, тарихи тұрғыдан жүйелі талдау, жинақтау, салыстыру әдіс-тәсілдері
басшылыққа алынған. Сонымен қатар, әдебиеттану ғылымының тұжырым
9


байыптауларын қарастырған ғылыми еңбектер диссертациялық жұмысымыздың
негіз ретінде қарастырылған. 
Кілтті сөздер: мақал-мәтел, халық ауыз әдебиеті, фольклор, Мәшhүр
Жүсіп, хадистер, сөз өнері, фольклорист, қолжазба.
Зерттеу дереккөздері. Әуезов М. «Әдебиет тарихы» , Тұрманжанов Ө.
«Қазақтың мақал-мәтелдері», Әлімбаев М. «Өрнекті сөз – ортақ қазына»
,Жуковский П. «История слова», Гермеков Г. «Пословицы и поговорки народов
востока», Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 5 том. , Жүсіпов Н. «ХХ
ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы», Қоңыратбаев
Ә. «Қазақ фольклорының тарихы» және т.б. ғалымдардың еңбектері
қарастырылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: Зерттеу нәтижесінде төмендегідей
қорытынды тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жинаған қазақ мақал-мәтелдерінің сөз өнерінде
алатын орны ерекше екендігі;

мақалдар мен мәтелдер – мағынасы да, формасы да әлдеқашан қалыптасқан,
өзгеріске онша тез ұшырамайтын тұрақты жанр екені;

халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр-Жүсіп
Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны;

фольклордың басқа жанрларына қарағанда, мақал-мәтелдерді жинаумен
айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақытпен қажымас ізденуді қажет
екендігі;

белгілі қазақ фольклортанушысы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мақал-
мәтелдерін арнайы зерттеудің мәні өте зор екендігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет