Зерттеу жұмысының жариялануы.
Диссерациялық жұмыс келесі публикация ретінде жарияланды.
Қазақ әдебиетіндегі мақал-мәтелдер табиғаты. // «ХҮ Сәтпаев оқулары»
Халықаралық ғылыми конференция. – Павлодар қ., 2015 ж. – 77-81 б.
Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі. // Голоса молодых.(опыт
лингвистических иследований) – Павлодар қ. , 2015 ж. –73-77 б.
Қазақ халқының мақал-мәтелдері. // «Шоқан оқулары - 18» Халықаралық
ғылыми-практикалық конференция. – Көкшетау қ., 2014 ж. – Том 3 –169-
173 б.
Көненің көзі-дананың сөзі.
// ИнЕУ хабаршысы
Зерттеу тақырыбының құрылымы. Зерттеу жұмыс кіріспеден, негізгі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
10
1 Қазақ мақал-мәтелдері және Мәшһүр-Жүсіп
1.1 Ақын жинаған мақал-мәтелдердің әдебиеттегі орны
Хaлық дaнaлығының қaймaғы сaнaлaтын мaқaл-мәтелдердің ел аузынaн
жинaлып, жaрық көре бaстaғaнынa бірқыдыру мерзімнің жүзі болды.
Ертеректегі aуыз әдебиетінің үлгілерін жинaушы В.В.Рaдлов, Әбубәкір Дивaев,
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев секілді зерттеуші ғалымдардaн бастaу aлғaн бұл
жұмыстан кейін сала қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті тұлғалары да
айналып өткен жоқ. Әр шақтарда А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы, Х.
Досмұхамбетұлы, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов сияқты арыстар бұл
іске елеулі үлес қосқандықтарын атап айтуға керек. Бертініректе мақалдар мен
мәтелдерді жинастыру мен зерттеуге қазақ қаламгерлері арасынан Өтебай
Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, Балтабай Адамбаевтар ерекше еңбек сіңірді.
Осылай жұмыла атсалысқан қажырлы еңбектің арқасында ауыз әдебиетінің аса
бағалы үлгісі – мақалдар мен мәтелдер біршама топтастырылып, жүйеге
келтірілді деуге болады.
Мақал-мәтелдерді белгілі қоғамда өмір сүреді дейміз. Жалпы мақал-
мәтелге Қоңыратбаев мынадай анықтама береді: «Ел аузында, көбінесе сөйлеу
тілінде қолданылатын дүр сөздің бай да мазмұнды саласы – мақал-мәтел.
Идиоматизмдер, ойлы фразалар болып келеді. «Сөз асылы - мақал» дейді
халық. Оның айтушылары мен тыңдаушылары да көпшілік. Мақал - логикалық,
образдық ойдың қосқанаттасқан ғажап табысы, тәжірибеден туған
философиялық сөздер» [10, 64 б.].
Қазақ мақал-мәтелдері – сөз өнеріміздің телегей-теңіз байлығы, ғасырлар
бойы жиналған халық даналығының айқын көрінісі осы асыл, үнемді, ықшам,
көркем, шебер, дәл, терең, астарлы мінезі, тағдыры; табиғат, ғарыш, оның
толып жатқан құбылыстары, жан-жануары, өсімдігі, жақсылық пен жамандық,
махаббат пен ғадауат, достық пен дұшпандық, байлық пен кедейлік, өмір мен
өлім, жастық пен кәрілік, әйел мен еркек – осы алуандас құбылыстар, түйіп
айтқанда адам баласына қатысты мың сан көкейкесті сұраулардың
диалектикалық шешімі бар.
Қазақ мақал-мәтелдері – қазақ халқының тарихының, моралінің,
эстетикасының, псилологиясының, философиясының поэтикалық шеберлікпен
түйінделген көркем энциклопедиясының поэтикалық шеберлікпен түйінделген
көркем энциклопедиясы.
М.Әуезов мақал-мәтел жайында былай дейді: «Халық шығармашылығының
бұл түрі барлық халықта бар. Мұның қазақтағы түрінің ерекшеліктері де мол.
Қазақ мақал-мәтелдерінің, жұмбақтарының дені өлең түрінде келеді және
сондағы сөздердің өзара үндесіп, үйлесіп, ассонанс, аллитерациялардың мол
болатындығына таң қаласың. Мағына-мәні де мейлінше терең болады.
Мәселен: «Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу», «Тура биде туған жоқ, туғанды
биде иман жоқ». Мұнда ішкі ұйқастар да күшті.
11
Соңғы буындары ұйқасумен бірге ассонанс және аллитерация үндесіп
келетіндігіне мына мақал мысал:
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса,
Достарыңызбен бөлісу: |