А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Кісі болар кісіні
Кісесінен танимын.
Кісі болмас кісіні 
Мүшесінен танимын
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол
Кіші қатын - кісі қатыны» [6, 72 б.]
Адам мүшелеріне байланысты мақал-мәтелдер саны он үш болып келеді. 
«Адам тілінен ұсталады,
Ат тезегінен ұсталады» [6, 41 б.]
48


мақалында «басқа пәле тілден» демекші, осы жолдарда тек адам мүшесіне
қатысты ғана айтылып тұрған жоқ. «Аз сөз - алтын, көп сөз - көмір» екендігін
түсіндіреді.Сондай-ақ келесі мақалдарда да осындай мәселе жайында
айтылады.
«Ауыздан шыққан сөз – орнына қайта сыймайды.
Наһан шыққан жеріне сыймайды
Ауыздан шыққан түкірік,
Қайта жұтса, мәкүріп
Ауылдағы молданың ауызы сасық» [6, 47 б.]
«Әңгіме мұрыннан келеді» [6,48 б.]
«Басынан кіріп, аяғынан шығып» [6, 5 б.]
«Дүниеде бір көзі бар, бір көзі жоқтан сақтан,
Бір қолы бар, бір қолы жоқтан сақтан,
Бір аяғы бар, бір аяғы жоқтан сақтан 
Көз жұмбай, дария кешпейді» [6, 56 б.]
«Көз қорқақ, қол батыр. 
Көзі соқыр-соқыр емес, 
Кеудесі соқыр-соқыр» [6, 76 б.]
«Қолы ойнағанның, ауызы ойнайды» [6, 76 б.]
«Құлдың екі көзі жоқ,
Ұлдың бір көзі жоқ» [6, 78 б.]
«От ауызды, орақ тілді. 
Отыз тістен шыққан сөз, 
Отыз рулы елге тарайды» [6, 81 б.]
Қазақ халқы өмір гүлін үздіксіз егетін алтын ананың ақ сүтін, адал еңбегін
айрықша атайды. «Ажалды ана жеңеді, ана жеңбесе, бала жеңеді». Ана арқылы
өмір желісі үзілмейтінін, бала арқылы жалғасатынын парасаты биік, білгір
халық бейнелеп білдіріп отырады. «Ал ананың ақ сүтін ақтау үшін, - дейді
халық, - анаңды арқалап, Меккеге үш рет апарып келсең де аз» - дейді. 
Тәрбиелі қыз, арлы жігіт, ел қорғағайтын азамат, халық қамын қамдайтын,
ел ағасын тәрбиелейтін әйел-ана қандай болуы керектігін келесі мақал-
мәтелдерден көреміз. Ана туралы мақал-мәтелдер Мәшһүр-Жүсіп жинаған
жазбаларда жиырма алты. 
49


«Ана көрген - тон пішеді,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет